Жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың V Республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың міндеттері:
- талантты жас педагогтарды анықтау;
- педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
- жас педагогтардың инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеу уәждемесін дамыту;
- жас педагогтарды дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
- педагогикалық қауымға жас педагогтардың жетістіктерін тарату.
№1 мектеп-гимназиясынан байқауға 2020-2021 оқу жылы еңбек жолын бастаған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойлыбаева Ардақ Жұманқызы қатысты.
Үміткерлер байқаудың 1-ші кезеңінде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. «Шығармашылық жолдың бастамасы» 2-ші кезеңде бейне-таныстырылым жүктелді. 3-ші кезеңде ІV тақырыптары бойынша «Ашық бейнесабақ» түсірілді.
«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың V Республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысқан 13 жас маманның арасынан үздік шығып, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойлыбаева Ардақ Жұманқызы жүлделі І орынға ие болды.
{gallery}000i/-8{/gallery}

