Created: 02 Ақпан 2021
48

Мектеп туралы

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

 

1974 жылы 30 тамызында, сол кезде қарқынды салынып жатқан  5-шағын ауданның орталығында 1000 оқушыға арналған №1 орта мектеп ашылды. Құрылысшылар мектептің кілтін мектептің бірінші директоры, ҚазКСР-ның  еңбегі сіңген мұғалімі, қаланың құрметті азаматы Джумартбаева Хакима Таировнаға салтанатты түрде тапсырды. Алғашқы жылдар, үлкен қажырлық пен еңбекті талап етті. Хакима Таировна – барлық білімі мен тәжірибесін жаңа педагогикалық ұжымды қалыптастыруға, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мектеп ауласын көгалдандыру мен абаттандыруға, оқу кабинеттерін жасақтауға бағыттады. 1974-1975 оқу жылының соңында  физика, химия, биология, орыс тілі және әдебиеті, бастауыш сыныптар, оқу шеберханасы және спорт залы  қалада үздіктер қатарында болды.

Мектептің ұжымын сол кезде жоғары оқу орнын жаңа бітіріп келген жас мамандар құрады, бұл педагогтар жылдар бойы бірнеше шәкірт тәрбиелеп өсірді, атап өтетін болсақ, Жанатаева Т.К., Шеина С.А., Горобец С.С., Клаус Н.Г., Шавкун Л.М., Абодовская С.Ю., Максагина Л.А., Леонова М.И., Талан Л.С., Симакина А.М., Коломенская Л.В., Попова Т.П., Хайруллина М.Ш., Югай В.Н., Черепанова О.В., Тубутарова Л.Т., Городилова Л.Т., Головацкая Г.Н., Меликова Л.С., Жылкайдарова К.Ж.  

Мектепте мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне барлық жағдайлар жасалды. Тәжірибелі педагогтар Березина Н.П., Фисунова Н.А., Маркерт И.Ф., Бучкова М.Т. өздерінің іс-тәжірибесімен жас мамандармен бөлісті. Олардың шығармашылық еңбектері «ҚазКСР оқу-ғарту ісінің Үздігі» Белгісімен бағаланды.

№1 орта мектептің базасында білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша үздіксіз қалалық және облыстық ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізілді.  Әсіресе, аға тәлімгер Н.О.Брейтмайердың жетекшілігімен жүргізілген пионер ұйымының жұмысы өте қызықты және жоғары деңгейде болды. Мектептің пионер дружинасы облыстағы облыстағы ең үздік команда болып танылды.

Хакима Таировна  отбасы, мектеп және қоғамдастықтың тығыз өзара қарым-қатынасына айрықша көңіл бөлді. Жоғары сыныптың белсенділері ауладағы клубтардың жұмысын жандандырып, ойындар мен спорттық жарыстарды ұйымдастырды. Ол аула клубтарының жұмысына үлкен қамқорлықпен қарады, мектептің бала бақшамен сабақтастық жұмысына назар аударды. Директордың мектепті басқарған жылдары педагогикалық ұжымның шығармашылығы өсті, әрбір мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетілдірілді.

1974 жылдан 1979 жыл аралығында 6 мұғалімге «ҚазҚСР-ның оқу-ағарту ісінің Үздігі», 4-аға ұстаз, 2-әдіскер ұстаз атағы берілді.

1979 жылдың шілдесінен бастап Хакима Таировна облыстық мұғалімдерді жетілдіру институтының директоры болып ауыстырылды. Оның ұсынысы бойынша №1 орта мектебінің директоры Березина Н.П. тағайындалды. Ол мектепте қалыптасқан дәстүрлерді одан әрі қарай жалғастырды. Әскери-патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінді. Мектептің алғашқы әскери дайындық кабинеті – қаладағы ең үздік кабинет болып танылды.  Мектептің әскери дайындық жетекшісі Шевчук В.В. үлкен сыныптан тыс жұмысты жүргізді. Әскери-спорттық ойындар «Зарница» «Орленок» үнемі облыста 1 орын және Республикада жүлдегер атанды. Талантты денешынықтыру пәнінің мұғалімі Тэн И.М. мектеп қала мен облыстың спорттық өмірінде алдыңғы қатарды ұстап тұрды.

Сонымен қатар, оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жандандырылды. Шетел тілінің лингафондық кабинеті ашылды, В.И.Югайдың жетекшілігімен вокалдық-аспаптар ансамблі құрылды. Жоғары оқу орнына түсетін түлектердің саны артты.

Н.П.Березинаның 1981 жылы зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты, 1981 жылы мектеп директоры Волокотина В.Г. болды.

1982 жылғы тамызда мектеп директоры лауазымына Зайцева Т.Ф. тағайындалды. Педагогикалық ұжымның алдында оқу-тәрбие үрдісін одан әрі жетілдіру міндеті қойылды. Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы анағұрлым жоғары деңгейге көтерілді. Жаңашыл-педагогтардың еңбектері оқып-үйретіліп, оқыту үрдісіне жаңашыл технологиялардың элементтері енгізілді. 1991 жылы мектеп «Оқу-тәрбие үрдісін дифференциялау мен саралау» әдістемесі бойынша эксперимент режімінде жұмыс жасады.

1992 жылы тамызда Оразбеков К.К. мектеп директоры болып қойылды. Мектеп қалыптасқан тәртіп пен дәстүрлер аясында жұмыс жүргізуді жалғастырды.

1993 жылдың маусым айының соңында мектеп директоры лауазымын Сагинтаева С.Ж. тағайындалды, ол эксперименттің одан әрі жалғасуы мен аяқталуы үшін бар күш-жігерін салды. Сания Жумадиловна мұғалімдер мен оқушыларға еңбек жағдайын жан-жақты жақсарту үшін бар күшін жұмсады. Мектептің сыртқы келбетін жоғары эстетикалық талғаммен безендірді. Оның орынбасарлары Аманова А.С. мен Беткер И.М. мектепте оқу-тәрбие үрдісін оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа технологиялар негізінде ұйымдастырды. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі дамытылды. Оқушылардың үлгерімінің мониторингісі оқушылардың білім сапасының үздіксіз өскенін көрсетті, қалалық олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылардың саны артты. Мектепте пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша сыныптар қалыптасты, оқу жоспарына жаңа пәндер: валеология, азаматтану, экономика енгізілді. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру жоғары деңгйеге жеткізілді. Мектепте әртүрлі үйірмелер, тақырыптық кештер, экскурсиялық жұмыстар енгізілді. Ата-аналар және қауымдастықпен жұмыс сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Ата-аналарға арналған дәрістер – ата-аналарды жалпы оқумен қамтудың нағыз мектебі іспеттес еді.  Оқу сабақтары қызықты, пікірталасқа толы, отбасы мен мектепте баланы тәрбиелеудің жаңа қатынастары мен жолдарын іздеуге бағытталды. 

1997-1998 оқу жылында эксперимент қорытынды конференциямен аяқталды. Конференцияның ұсыныстарына сәйкес мектеп одан кейінгі жылдары да бейінделге мектептің моделін құруды шешу мақсатында, мектепті дамыту бағытында жұмысты жүргізді.

Озық тәжірибелі ұстаздардың барлығы өз істерінің кәсіби шеберлері ретінде еңбектері қалалық, облыстық, республикалық деңгейде бағаланып, марапатқа ие болды. Беткер И.М., Томилина Г.В., Бежина С.В., Шарипова Г.Х., Россихина О.А., Казак Л.В., Мядзель Т.А., Байсалбаева Г.А., Югай И.Р., Югай В.И., Исабекова К.К., Беланова О.П., Пучкова Р.М., Халиулина Н.А.

Сондықтан 1990 жылдар мен 2000 жылдар аралығын білім мекемесінің шарықтау жылдары деп атауға болады. Мектеп оқушылары түрлі зияткерлік және шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, түлектер мұғалімдердің шеберлігі мен мектепте қалыптасқан білім беру дәстүрлерімен еліміздің ең беделді оқу орындарына түсті.

2000 жылы  SPA – азаматтық білім беру бойынша ресурстық орталық құруға грант жеңіп алынды.  2003 жылы  ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бойынша жазғы лагерді өткузу гранты ұтып алды.  2003 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасындағы халықаралық байқауда жеңіске жетіп, Запонкин С.Е. Қазақстан Республикасының жеңімпаздары тобының сапында АҚШ-на 2-айлық курсқа стажировкаға барды. 2004 жылы Нидерланды елшілігі ағылшын тілінің ресурстық орталығын құруға грант бөлді.

2002 жылы мектеп директоры Сания Жумадиловна мектептің даму бағдарламасын жасау идеясының авторы болды. Нәтижесінде мектеп өз мәртебесін өзгертіп, жетілдірілген және сараланған білім беру жүйесі бар гимназия мектебіне айналды.

Жоғары оқу орындарына емтихан тапсыру қорытындысы бойынша мектеп Республиканың үздік 100 мектеп және Қарағанды облысының 12 үздік мектебінің қатарына қосылды. Мектеп түлектерінің ішінде «Алтын белгі» және «Ерекше үлгідегі» аттестат иелері, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалар, зияткерлік байқаулардың жеңімпаздары болды.  

2000 жылы  SPA – азаматтық білім беру бойынша ресурстық орталық құруға грант жеңіп алынды.  2003 жылы  ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бойынша жазғы лагерді өткузу гранты ұтып алды.  2003 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасындағы халықаралық байқауда жеңіске жетіп, Запонкин С.Е. Қазақстан Республикасының жеңімпаздары тобының сапында АҚШ-на 2-айлық курсқа стажировкаға барды. 2004 жылы Нидерланды елшілігі ағылшын тілінің ресурстық орталығын құруға грант бөлді.

2003 жыл мен 2013 жылдар аралығында мектептің 208 оқушысы әртүрлі деңгейдегі жалпыбілімберетін пәндер олимпиадасының жүлдегерлері атанды.

Директордың тікелей қолдауымен жыл сайын мектепте Әлем Корпусының волонтерлары жұмыс жасады, мұғалімдер халықаралық бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізді: «Дебат», «Жас Көшбасшылардың Ассоциациясы», «БҰҰ жас моделі» және Халықаралық Сайлау Қорының жүйесімен ынтымақтастық орнатты.

Мектептің оқушысы Дәулет Омашев республикалық «Әнші балапан», «Айналайын», аймақтық «Ұлытау үні», облыстық эстрадалық әндер байқауының жеңімпазы атанды. Кетебаев Бейбарыс занял Республикалық «Жарқын болашақ» мәнерлеп оқу байқауында жүлделі 1 орынға ие болды.

Мектептің әкімшілігі қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің қолдауымен 2004-2005 оқу жылында «Сыни тұрғыдан ойлау және жазу» бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту ұйымдастырылды. Аталмыш бағдарлама бойынша 60 мұғалім курстан өтті.  20 мұғалім Оқу бойынша Қазақстандық  ассоциацияның мүшелері болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының білім мекемесінің рейтингісі бойынша 2013 жылы №1 мектеп-гимназиясы Қарағанды облысында 28 орынға ие болды және осы саладағы үздік «Күміс рейтинг»  марапатына ие болды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін №1 мектеп-гимназиясын Г.Т.Иманбаева-Казбекова басқарады. Оқу жүйесін терең жаңғырту жағдайында жұмыс істейтін №1 мектеп-гимназиясы қаладағы жаңашыл мектептердің бірі.

Білім сапасының динамикасы тұрақты өсуде. Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары оқу орындарының гранттарын жеңіп алады. Олимпиадалар мен зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарының үлесі белгігенген мақсатты көрсеткіштен асады.

№1 мектеп-гимназиясы бүгінгі таңда мұғалімдер мен оқушылардың өзіндік дамуы мен өзін-өзі анықтау үшін жағдайды қамтамасыз ететін, өзінің мүмкіндіктері негізінде  дамитын, өзін-өзі ұйымдастыратын әлеуметтік-педагогикалық жүйе болып табылады. Білім мекемесінің жаңашыл бағытта дамуына үлкен серпіліс беретін мектеп әкімшілігі: Г.Х.Шарипова., Л.А.Каменева., Л.А.Беисова., С.К.Алибекова., Г.Б.Жакупова., М.С.Исахова., М.Т.Ахметова., Ж.Д.Абилдинова., Ф.О.Сыздыкова., А.Ж.Тойлыбаева., А.А.Жолдыбай., Г.Ш.Асқап.

 

            

 

МЕКТЕП МІНЕЗДЕМЕСІ

 

Ашылған жылы

1974 жылы

Жобалық қуаты

1000

Жаңа модификация кабинеттері

3

Оқушылардың жалпы саны

1380

Гимназиялық сыныптар

27

Жалпы білім беретін сыныптар

34

Мұғалімдердің жалпы саны

109

Жоғары білім бар мұғалімдер

91

Орта арнайы педагогикалық білімі бар мұғалімдер

18

Зейнеткерлер

13

Жас мамандар

10

Сертификатталған мұғалімдер

19

«Педагог-зерттеуші»

36

Жоғары санат

8

«Педагог-сарапшы»

17

Бірінші санат

6

«Педагог-модератор»

18

Екінші санат

1

Педагогтар

23

Ы.Алтынсарин атындағы Төсбелгісінің иегері

1

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздігі

2

Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері

 

 

 

МЕКТЕП ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

Мектептің мұғалімдері жүйелі түрде Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» журналдарында, «ХХІ ғасырдағы оқыту әдістері: теория, практика», «Ізденіс» газетінде, әдістемелік басылым беттерінде материалдарын жариялайды және Ғаламтордағы web-адресе: infourok.ru/material.html?mid=105118 сабақтарын жүктейді.

Мектептің дамуының нәтижесі барлық қатысушылардың  шығармашылық үдеріске енуі мен мектеп мұғалімдерінің әртүрлі деңгейдегі фестиваль, байқау, смотрларға қатысуының нәтижелі көрсеткіші болып табылады.

2020 жылғы 16 қазанда «Білімдегі инновациялар. Ізденіс және шешімдер» атты VІІ халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясында «Қашықтан оқыту. Методология, әдістемелік және технологиялық аспектектілер» тақырыбындағы панелдік сессияда мектеп директоры Г.Т.Иманбаева-Казбекова, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.В.Иоцус және технология пәнінің мұғалімі А.А.Казкенова өздеріінң іс-тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми-практикалық онлайн-конференциясының материалдарына орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, «педагог-зерттеушілер» Г.П.Орынтаева, бастауыш сынып мұғалімдері М.А.Бадекова, Б.Т.Кожахметова және «педагог-сарапшы» К.А.Мухамеджанның мақалалары жинаққа енді.

«Жаһандану дәуіріндегі қазіргі заманғы ғылымның даму тенденциялары» тақырыбындағы Халықаралық ХХ Байқоңыров оқулары материалдарының жинағында «педагог-зерттеушілер» Г.К.Майгельдинова, информатика пәнінің мұғалімі А.Н.Турарова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.С.Абдигожинаның мақалалары жарияланды.

2020 жылдың 20-21 қазан күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды облысы білім басқармасымен бірлесе отырып, «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Өлкетану-ұлттық жаңғыру ретінде» пікірталас алаңында «Қазақстанның ұлы тұлғаларының тарихы туған еліміздің дамуының кепілі» тақырыбында «Сары-Арқаның жұлдыздары» бағдарламасын енгізу мақаласы (Иоцус С.В., Абдуселимова Г.А.) І орын және «Ақылды технологиялар-еңбек өнімділігін дамыту мүмкіндігі» пікірталас алаңында (Бектасова А.А.) «Жаңартылған білім беру мазмұнында пәндерді оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі» мақаласы ІІІ орынға бағаланды.  Ө.А.Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі тәрбие мен білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарына директордың кәсіби оқыту бойынша орынбасары Л.А.Беисова, «педагог-зерттеушілер» тарих пәнінің мұғалімі О.П.Наймушина, бастауыш сынып мұғалімдері М.А.Бадекова, «педагог-сарапшы» К.А.Мухамеджанның мақалалары жинаққа енді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Сулейман Демирель атындағы университет 2020 жылғы желтоқсанның 21 күні «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми конференцияның пленарлық отырысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Г.Какенова өзінің мақаласын қорғап, жинаққа енді.

2020 жылдың 26 қарашасында Қарағанды облысының Педагогикалық Шеберлік Орталығы ұйымдастырған «Сабақты зерттеу: Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеушілік онлайн-конференциясында мектеп директоры Г.Т.Иманбаева-Казбекова, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.В.Иоцус өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Конференцияның жұмысына Г.Б.Жакупова, Г.П.Орынтаева, С.К.Алибекова, А.Б.Жунусова, М.Т. Ахметова, А.Ж.Байдаулетова, А.А.Бектасова қатысты.

2020 жылдың желтоқсан айында химия, биология, физика, география пәнінің мұғалімдері 8-ші сыныпта жүргізген зерттеу сабақтарына Қарағанды қаласының ПШО тренері К.Е.Абдикаримова ZOOM платформасында қатысып, кеңестер берді.

2021 жылғы 13 қаңтарда Сабақты зерттеу (Lesson Study) ПШО және «Қазақмыс» онлайн-семинарында модератор А.Н.Турарованың шығармашылық тобы Г.Ә.Ержан, А.Б.Жунусова, Г.Б.Жакупова, С.К.Алибекова облыстық деңгейде іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

Мектеп дамуының жағымды нәтижесі ретінде барлық қатысушылардың шығармашылық оқу-тәрбие үрдісіне ену деңгейінің көрсеткіші және мектеп мұғалімдерінің әртүрлі деңгейдегі фестиваль, байқау, смотрларға қатысуы болып табылады.

 

Мектеп мұғалімдерінің жетістіктері

 

№

Іс-шаралардың атауы

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

2020-2021

оқу жылының 

І жартыжылдығы

Халықаралық деңгей

1.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар: Алгоритм» «Жаңа дәуірдің дамуындағы  инновациялық технологиялардың рөлі». Халықаралық Байқоңыр оқулары «Жаһандану дәуіріндегі қазіргі заманғы ғылымның даму тенденциялары». Білімдегі инновациялар. Ізденіс және шешімдер» атты VІІ халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы

5

5

10

Республикалық деңгей

1.

ҚР БҒМ Құрмет грамотасы

2

3

2

2.

«Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісі

-

-

1

3.

ҚР БҒМ Бақылау Департаментінің Алғыс хаты

-

1

-

4.

Ө.А.Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі тәрбие мен білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми конференциясы. Республикалық ҒПК «Дәстүрлер және инновациялар» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

2

2

8

5.

Республикалық «Әдістемелік вернисаж» ашық педагогикалық жұмыстардың фестивалі «Үздік презентация»

3

3

1

6.

«Тағылым» Республикалық байқау «Үздік сабақ жоспары»

1

1

-

7.

ҚР БҒМ Ғылыми-практикалық орталығы «ДАРЫН» Алғыс

3

-

 

8.

ҚР БҒМ Ғылыми-практикалық орталығы «ДАРЫН» «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасы

5

7

2

9.

«Мен мамандықтар әлемінде» V Республикалық онлайн байқау

-

-

20

Облыстық деңгей

1.

Қарағанды облысы ББ Құрмет грамотасы

-

Алибекова С.К.

Ержан Г.Ә.

2.

Қарағанды облысы ББ Алғыс хаты

-

Иденова Г.Ш.

-

3.

Қарағанды облысы әкімінің сыйақысы

-1

2

-

4.

Вариативтік курстың авторлық бағдарламасының облыстық байқауы

-

2

-

5.

Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық ҒПК

3

2

-

6.

Облыстық ҒПК «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдарлама»

4

-

-

7.

«Жетістік бағыттаушысы» қысқа мерзімді сабақ жоспарлары облыстық сайысы

2

2

4

8.

«Қарағанды облысының білім беру саласындағы 100 жаңа есім»

-

-

1

Аймақтық деңгей

1.

Аймақтық педагогикалық оқу «Ұрпаққа ұлағат»

4

-

-

2.

«Қазақ халқының алтын бесігі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

1

1

2

Қалалық деңгей

2.

Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасы

3

3

1

3.

Сәтбаев қаласы әкімінің сыйақысы

3

5

1

 

4.

Сәтбаев қаласы әкімінің сыйақысы «Спорт күні»

5

5

1

5.

Сәтбаев қаласы білім бөлімі және кәсіподағының Алғыс хаты

4

5

8

7.

Жастар арасындағы «Әкім кубогы» қалалық турнир

1

1

-

8.

Қалалық «Үздік тарихшы» байқауы

-

-

1

9.

Қалалық бейне-сабақ байқауы

-

-

13

10.

«Үздік медиатор-2020» қалалық байқау

-

-

1

11.

«Сәтбаев қаласының ономастикалық келбеті» қалалық таныстырылым байқауы

-

-

1

 

Дарынды балалармен жұмыс. Оқушының тұлға ретінде шығармашылық әлеуетін дамыту мектеп-гимназияның іс-әрекетінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ғаламтор желісіне еркін енудің нәтижесінде оқушыларда әртүрлі аймақтық және халықаралық жобаларға қатысуларына мүмкінідктері бар. Оқушылар түрлі деңгейдегі зияткерлік байқауларға белсенді түрде қатысты. Оның ішінде балалардың халықаралық және республикалық қашықтық олимпиадаларға қызығушылықтары ерекше.

Соңғы екі жылдағы түрлі деңгейдегі зияткерлік байқауларға қатысу бойынша оқушылар санының динамикасы тұрақты, бұл дарынды баламен мақсатты бағытталған жұмыстың көрсеткіші болып табылады.

Деңгейлер

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

2020-2021 оқу жылының

І жартыжылдығы

Халықаралық

35 (100%)

30 (91%)

 

Республикалық

311 (68,3%)

168 (79%)

 

Облыстық

42 (39%)

20 (60%)

 

Қалалық

71 (66%)

45 (63%)

 

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін «Дарынды балалар» бағдарламасы құрастырылған. Бағдарламаның мақсаты: бала дарындылығын дамытуды психологиялық-педагогикалық жасақтау. Бағдарлама оқушылармен жұмыстың келесі формаларын қарастырады: дарындылықты диагностикалау; қабілетті және дарынды оқушылар туралы деректер базасын жасау; жалпы білім беретін бағыттағы пәндер бойынша дарынды балалармен жеке және дифференциалдық бағдарламаны іске асыру;  дарынды балалармен іс-шаралар.

2020-2021 оқу жылында дарындылық диагностикасы 2-11-ші сыныптарда оқитын 893 оқушылары арасында өткізілді. Салыстырмалы талдаудың қорытындысы бойынша 572 дарынды бала анықталды. Оның ішінде: зияткерлік дарындылық – 122; спорттық дарындылық – 89; көркемдік дарындылық – 56; академиялық дарындылық – 216; музыкалық дарындылық – 42; зерттеушілік дарындылық – 47 оқушы. Зерттеу барысында 321 оқушыда «әлеуетті дарындылық» айқындалды.

Бүгінгі күні дарынды баламен жұмыстың қалыптасқан жүйесі орныққан: таңдау бойынша курстарды ұйымдастыру, оқушылардың әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар,   олимпиадалар, зияткерлік байқауларға қатысуы. Жыл сайын мектеп олимпиадасына оқушылардың 80% қатысады. Мектептің ОҒҚ оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың бай тәжірибесі жинақталған.

 

Облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарына қатысқан жүлдегер оқушылардың үлесі

Деңгейлер

2018-2019

оқужылы

2019-2020

оқужылы

2020-2021

оқу жылының

І жартыжылдығы

ОҒҚ қалалық байқауы

5

-

-

«Жоғары математика және мектеп»

10

-

-

Шағын ғылым академиясы

19

5

18

Үлесі

6,4%

0,3%

-

 

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін мектепте мұғалімдермен жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, ғылыми-зерттеушілік мәдениетті дамыту, шығармашылық бастамашылдықты дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас әдістемелік кеңістік құрылған. Мектепте ғылыми-әдістемелік жұмысқа жетекшілік жасау үшін ғылыми-әдістемелік кеңес құрылған, кеңестің мақсаты  әдістемелік қызметтің жұмысын жаңғырту жағдайында оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік жасақтау болып табылады.

2020-2021 оқу жылында мектепте оқушыларға 109 педагог білім береді. 91 педагогтың жоғары білім бар, ол 83% құрайды. Жеті педагог екінші жоғары педагогикалық білім алған. Үш мұғалімде магистр дәрежесі бар.

Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы:

Біліктілік санат «педагог-зерттеуші»/жоғары санат – 36/8

Біліктілік санат «педагог-сарапшы»/бірінші санат – 17/6

Біліктілік санат «педагог-модератор»/екінші санат – 18/1

Біліктілік санаты жоқ «педагог» мұғалімдер – 23

Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мұғалімдер 61,4% құрайды, бұл мектеп-гимназияның мәртебесіне сәйкес келеді. Біліктілік санаты жоқ мұғалімдердің басым көпшілігі жас мамандар мен зейнеткерлер.

            Педагогтардың орта жасы – 41 жас. 20 жылдан артық еңбек өтілі бар мұғалімдер 45%. Жұмыс істейтін зейнеткерлер – 13 (12%). Жас мамандар – 10.

            Осылайша, педагогтардың әртүрлі жас ерекшеліктері мен сапалық құрамы білім мекемесінің инновациялық режімде жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді.

Мұғалімдердің үздіксіз білім алуының басты бағыттарының бірі мектеп педагогтарының біліктілікті арттыру курстары, проблемалық курстар және оқыту курстарынан алған оқыту сабақтары болып табылады.

2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында екі мұғалім «ҚР ББ «Кәсіпкерлік және бизне негіздері» пәні бойынша педагогикалық кадрларды қайта даярлау курсының көлемі 108 сағаттан тұратын білім беру бағдарламасынан өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Педагогикалық Шеберлік Орталығы» ЖМ әзірлеген «Оқушылардың жаратылыстану ғылымы, математикалық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын, дамыту» ПК біліктілігін арттырудың білім беру бағдаламасы бойынша 14 мұғалім оқыды. Қарағанды ПШО «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсынан 15 мұғалім өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы онлайн форматта өткізген 34 академиялық сағат көлеміндегі критериалды бағалау бойынша каникулдық мектепке 19 мұғалім қатысып, Сертификат алды. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту процесін жобалау курсын 5 мұғалім аяқтады.

2020-2021 оқу жылының қараша және қаңтар айларында ПШО және «Қазақмыс» ұйымдастырған проблемалық онлайн-семинарында біліктілікті арттыру курсынан 60 мұғалім өтті. 2021 жылдың 04-08 қаңтар аралығында ПШО және «Қазақмыс» ұйымдастырған каникулярлық мектепте 4 педагог, 12-14 қаңтар аралығында Сабақты зерттеу (Lesson Study) (1 кезең) 5 мұғалім және 19-22 қаңтар аралығында Тәжірибедегі іс-әрекетті зерттеу (1 кезең) (Action Research) онлайн-семинарына қатысып, педагогикалық шеберліктерін шыңдады. «Өзін-өзі тану» жалпы көлемі 72 сағат оқу курсын педагог-психолог бітірді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын тарих пәнінің мұғалімі аяқтады. Қарағанды облысы ББД ОӘО ұйымдастырған «Білім беру ұйымдары директорларының кадрлық резерві» курсынан директордың 1 орынбасары оқыды. «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша өзара тәжірбие алмасу мақсатында өткізілетін мастер-классқа 2021 жылғы қараша айында 15 мұғалім,  қаңтар айында 9 мұғалім қатысты. «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша өзара тәжірбие алмасу мақсатында өткізілетін шебер-сыныпты облыстық және қалалық деңгейде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.К.Майгельдинова мен Г.П.Орынтаева, қалалық деңгейде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Б.Макажанова өткізді. 2020-2021 оқу жылының «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілетін шебер-сыныпты өткізуге информатика, физика, химия, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдері жоспарланды.

 

Мұғалімдердің саны

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

2020-2021

оқу жылының

І жартыжылдығы

Жоспарға сай

14

7

6

Біліктілікті арттыру курсынан өткендер

16

5

5

Біліктілікті арттыру курсынан өткендер үлесі

100%

71,4%

83,3%

 

Мектепте 19 деңгейлік курстан өткен мұғалім жұмыс істейді, бұл педагогтардың жалпы санының 19,8 % құрайды.

            Мектепте ағымдағы оқу жылына мұғалімдердің курстан өтуі және біліктілігін артыру бойынша перспективалық жоспарлары құрылған. Курстан өту дайындығы жоспарға сәйкес жүргізіледі. Біліктілікті арттыру курсының мазмұны жаңартылған білім беру және нәтижеге бағытталған, білім беру моделіндегі іс-әрекетке мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық дайындығына  басымдық беріледі.

Біліктілікті арттыру курынан өткен және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданатын мұғалімдердің үлесі 92% құрайды. Бүгінгі күні жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7 педагог ағылшын тілінен курстан өтті, бұл осы циклда жұмыс жасайтын мұғалімдердің 47% құрайды.

2020-2021 оқу жылында мектепте озық іс-тәжірибені жинақтау және тарату бойынша жұмыс жүргізіледі:

1) Халиулина Н.А., математика пәнінің мұғалімі, біліктілік санаты «педагог-зерттеуші». Жеке әдістемелік тақырыбы: «Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту».

2) Абилкаирова О.К., біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі. Жеке әдістемелік тақырыбы: «Математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту».

            Мұғалімдермен жинақталған іс-тәжірибе математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан және логикалық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.