Created: 02 Ақпан 2021
70

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Қарағанды экономикалық университетінің «Құқық» кафедрасының магистрі Абиев Ержан Сапарғалиевичпен кездесу өтті.Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес пен әр азаматтың өз құқығы жөнінде толық ақпаратты оқушыларға түсіндіріп, жемқордықтың болуы келесі қауіптерге әкеп соғатынына тоқтала кетті.

  • Экономикалық өсу қарқынның тежелуіне;
  • Әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқуынуына ұрындырады;
  • Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.

Оқушылар сұрақтарын қойып, кездесу өз деңгейінде құқықтық сауаттылықты арттыруда нәтижелі түрде өтті.


{gallery}000i/-7{/gallery}


 

Бүгінгі жемқорлықсыз қоғам- ертеңгі адал ұрпақтың кепілі

Мектеп- білім мен тәлім-тәрбиенің отаны. Адамгершілік пен адалдық оқушыға Абай Құнанбайұлы айтқандай үш алуан кісіден жұғады: ата-анадан, ұстаздан және жолдастарынан. Оқушы қайсысын қаттырақ жақсы көрсе содан өнегені көп алатыны да сөзсіз. Оқушының тұлға болып, жақсы қасиеттерді бойына дарытуға ата-анадан соң ұстаздың алатын орны бөлек екені сөзсіз. Өткеннен үлгі алып, бүгінгі күнімізді айқындап, болашағымызды жоспарлауда ілгеріден қоғамның дертіне айналған  «жемқорлық» атты жағымсыз сөзге соқтығамыз. Жоғарыда айтқандай ұстаз бен мектеп- оқушының тұлғалық қалыптасуна әсер етуші факторлар. Қоғамның бір дертіне айналған осы сыбайлас жемқорлықты бүгіннен бастап жою, болдырмау жұмыстары «Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ бойынша қолға алынған. Оқушылардан анонимді түрде сауалнамалар алынып және жемқорлыққа жол бермеу керектігі жөнінде насихат жұмыстары өтіп тұрады. Мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жоспарлы түде жұмыс жасайды. Оқушылар ерікті, еркін түрде өз ойлары мен жемқорлыққа қарсы пікірлері, ұсыныстарымен бөлісіп отырады. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агерттігі ұсынған «Адалдық сағаттары» үнемі жүргізіліп отырады. Мектепте оқушылардың еркін түрде, сыбайлас жемқорлық жайлы жасқанбай хабар беруіне болатын байланыс орталықтарының номерлерімен  «Парасатты азамат» бұрышы және «Сенім қорабы» орналасқан. Ең бастысы көңілге күдік ұялатпай, күмәнді ойларды болдырмай, мектеп қаражатының жұмсалу нысандарын барша қызығатын азаматтар білу үшін арнайы әділеттің көрінісі болатын «Ашық бюджет алаңы» QR-коды мектепке кірер бетте орналасқан.

Жемқорлық- құрдымға апаратын жол. Біз қаншалықты адал болсақ қоғамымыздың деңгейі сол деңгейде дамып, өркендей түспек. Сауатты, зайырлы, көш басындағы мемлекеттің болашағы бүгінгі жастарымыздың қолында болғандықтан ертеңімізді бүгіннен бастайық. Себебі, бүгінгі жемқорлықсыз қоғам- ертеңгі адал ұрпақтың кепілі.