Created: 02 Ақпан 2021
28

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы»КММ Қамқоршылық кеңесінің №1 хаттамасы

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы»КММ

Қамқоршылық кеңесінің

 №1 хаттамасы

 

Мерзімі: 31.08.2020 ж.

Қатысқаны: Мектептің директоры Иманбаева-Казбекова ГТ., оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Жакупова Д.Б., оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Каменева Л.А., әлеуметтік педагог – Ахметова М.Т., Колмагорова Б.Т.- кеңес төрайымы, Батешова А.Т.- хатшы, Ахметбеков Б.- кеңес мүшесі, Сыздыкова А.К.- кеңес мүшесі, Кашапова Л.В.- кеңес мүшесі, Алина С.Е.- кеңес мүшесі, Оспанова М.Н. кеңес мүшесі, Жагиппарова М.Қ.- кеңес мүшесі, Тулеубаева М.Б. - кеңес мүшесі.

 

Қаралған мәселелер:

  • 2020-2021оқу жылының қамқоршылар кеңесінің мүшелерін бекіту
  • Қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау
  • Жаңа 2020-2021 оқу жылының іс-шараларының жоспары
  • Сыныптардағы оқу- тәрбие процесі жөнінде
  • Үйірмелер, кезекші сыныптар туралы
  • «Мектепке жол акциясы» жөнінде
  • «Отбасы және мектеп – сенім негізі» мектепшілік жоба жөнінде

 

Барысы:

Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Г.Т. Иманбаева –Казбекова 2020-2021 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекітті.

Олар:

  1. Колмагорова Бахытжан Тынысбековна – кеңес төрайымы
  2. Ахметбеков Багдат – кеңес мүшесі
  3. Батешова Айнаш Токеновна –хатшы
  4. Сыздыкова Айнур Казкеновна - кеңес мүшесі
  5. Раймбеков Амантай Мухтарович - кеңес мүшесі
  6. Кашапова Людмила Влаимировна -кеңес мүшесі
  7. Алина Сания Елеуовна - кеңес мүшесі
  8. Жагиппарова Меруерт Құрманғалиевна - кеңес мүшесі
  9. Тулеубаева Макпал Бахитовна - кеңес мүшесі

 

Екінші сұрақ бойынша ата -аналар өзара келісіп 2020-2021 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің құрамына 9 адамды және қамқоршылық кеңесінің төрайымы Колмагорова Бахытжан Тынысбековнаны тағайындады.

Үшінші сұрақ бойынша Жакупова Д.Б. жаңа 2020-2021 оқу жылының іс-шараларының жоспарымен таныстырды.

Төртінші сұрақ бойынша Жакупова Д.Б. оқу тәрбие ісі жөнінде, екі ауысымның жұмысы туралы, жалпы екі ауысымда 61 сынып оқитындығын айтып өтті. Қашықтықта оқытудың ерекшеліктері туралы айтылды.

Бесінші сұрақ бойынша Дана Бактыбаевна мектептегі үйірмелер мен кезекші сыныптардың жұмыстары туралы толық атап өтті.

Алтыншы   сұрақ бойынша жаңа 2020-2021 оқу жылының жыл сайын жасалатын «Мектепке жол» акциясы туралы  Ахметова Мира Тулебаевна қандай көмек түрлері көрсетілгендігі туралы толық ақпарат берді. Қашықтықтан оқу кезінде 54 оқушыға қолданысқа  компьютер  берілді. Ал «Қазақмыс» корпорациясы қамқорлыққа алынған, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан 10 оқушыға және 11 мектеп мұғалімдеріне ноутбуктер берді. Мектеп ұжымы мен ата-аналардың ұйымдастырылуымен қайырымдылық жасап, «Beeline» жылдам қызмет көрсету орталығымен келісім шарт жасалып,  31 отбасына интернет желісі тегін орнатылды.    Сонымен қатар мектептің тәрбие ісі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп инспекторы 37 рейдттік іс-шаралар өткізді. Оқушылардың үйлері араланып сабаққа деген дайындық кезеңдері анықталды. Аз қамтылған отбасыларынан 27 оқушы кеңсе тауарларымен қамтылды.

Жетінші сұрақ бойынша Абилдинова Ж.Д. мектепшілік «Отбасы және мектеп – сенім негізі» жобасы туралы ақпарат берді. Жобаның мақсаты мен міндеті аталды. Жоба ата-ана мен мектептің тығыз байланыста болуына ықпал етеді.

Шешімі:

Қамқоршылық кеңесінің жұмысының жүйелі жүруін кеңес төрайымы үнемі қадағалап отырсын және мектепішілік іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырып, балаларды үнемі қатыстырып отыру керек.

 

 

 

                Хатшы:                                               Батешова А.Т.

кеңес төрайымы:                              Колмагорова Б.Т.

кеңес мүшесі                                    Ахметбеков Б.

      кеңес мүшесі                                   Сыздыкова А.К.

кеңес мүшесі                                    Кащапова Л.В.

кеңес мүшесі                                    Алина С.В

кеңес мүшесі                                    Раймбеков А.М.

кеңес мүшесі                                    Жагиппарова М.Қ

кеңес мүшесі                                    Тулеубаева М.Б.

 

 

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы»КММ

Қамқоршылық кеңесінің

 №2 хаттамасы

 

Мерзімі: 13.10.2020 ж.

Қатысқаны: Мектептің директоры Иманбаева-Казбекова ГТ., оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Жакупова Д.Б., әлеуметтік педагог – Ахметова М.Т., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Жолдыбай А.А., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Абилдинова Ж.Д., Колмагорова Б.Т.- кеңес төрайымы, Батешова А.Т.- хатшы, Ахметбеков Б.- кеңес мүшесі, Сыздыкова А.К.- кеңес мүшесі, Кашапова Л.В.- кеңес мүшесі, Алина С.Е.- кеңес мүшесі, Райымбеков А.М. кеңес мүшесі, Жагиппарова М.Қ.- кеңес мүшесі, Тулеубаева М.Б. - кеңес мүшесі. Жиналыс ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

 

Қаралған мәселелер:

  • Сыныптардағы оқу- тәрбие процесі жөнінде
  • Есепте тұрған отбасылар және оқушылар жөнінде
  • Рейд туралы ақпарат
  • Облыстық алты жоба бойынша ақпарат

 

Барысы:

Мектеп басшысы Галия Танирбергеновна қатысушыларға қаралатын сұрақтар туралы қысқаша ақпарат берді.

Бірінші сұрақ бойынша Жакупова Д.Б. оқу тәрбие ісі жөнінде, екі ауысымның жұмысы туралы, балалардың сабаққа қатысуын бақылау жұмыстары туралы айтты. Екі ауысым бойынша күнделікті сабаққа қатысуды бақылау жүйелі түрде өткізіледі. Балалардың себепсіз сабаққа қатыспауы қатаң бақылауға алынған.

Екінші  сұрақ бойынша Жолдыбай А.А.  есепте тұрған отбасылар мен балалар санын атап өтті. Есепке алу себептері туралы ақпарат берді. Осы орайда есепте тұрған отбасылардың үйіне жасалатын рейдттерге Қамқоршылық мүшелерінің де қатысатындығы туралы айтылды. Кеңес мүшелері рейдке шығуға қарсы еместігін айтты.

Үшінші сұрақ бойынша мектеп директоры Ғалия Танирбергеновна облыстық оқу-әдістемелік орталығымен берілген бес жоба бойынша толықтай ақпарат беріп өтті. Әр жобаға қысқаша тоқталып, мақсаты мен міндеті аталып өтті.

Олар:

  1. «Зейін»;
  2. «Өнегелі өмір»;
  3. «Бір отбасы – бір кітап»;
  4. «Болашаққа жолдама»;
  5. «Бірге оқимыз».

 

Шешімі:

Қамқоршылық кеңесінің жұмысының жүйелі жүруін кеңес төрайымы үнемі қадағалап отырсын және мектепішілік іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырып, балаларды үнемі қатыстырып отыру керек.

 

 

 

                Хатшы:                                               Батешова А.Т.

кеңес төрайымы:                              Колмагорова Б.Т.

кеңес мүшесі                                    Ахметбеков Б.

      кеңес мүшесі                                   Сыздыкова А.К.

кеңес мүшесі                                    Кащапова Л.В.

кеңес мүшесі                                    Алина С.В

кеңес мүшесі                                    Райымбеков А.М.

кеңес мүшесі                                    Жагиппарова М.Қ

кеңес мүшесі                                    Тулеубаева М.Б.