2021 жылдың наурыз айының 26 жұлдызы күні Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде «Үздік тарихшы – 2021» облыстық байқауының финалдық кезеңін ұйымдастырды. «Үздік тарихшы – 2021» облыстық байқауының финалына іріктеліп, үздік жеті қатысушы шықты.
Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Бөлтірік Шынболат Талқанбайұлы облыстық байқауда «БАС ЖҮЛДЕНІ» жеңіп алды. Шынболат Талқанбайұлы «Шеберлік-сабақ» кезеңінде тақырыпты ашуда шығармашылық танытып, креативті ойлауымен жоғары балл жинады. TEDх кезеңінде жас маман сөзге шешендігімен, тың көзқарасымен қазылар алқасының марапатына бөленді. Бөлтірік Шынболат Талқанбайұлын үлкен жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне шын жүректен тілек білдіреміз.


