Created: 13 Сәуiр 2021
26

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»

             Жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық әлеуетін белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың V Республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

             Байқаудың міндеттері:

  • талантты жас педагогтарды анықтау;
  • педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
  • жас педагогтардың инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеу уәждемесін дамыту;
  • жас педагогтарды дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
  • педагогикалық қауымға жас педагогтардың жетістіктерін тарату.

№1 мектеп-гимназиясынан байқауға 2020-2021 оқу жылы еңбек жолын бастаған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойлыбаева Ардақ Жұманқызы қатысты.

         Үміткерлер байқаудың 1-ші кезеңінде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. «Шығармашылық жолдың бастамасы» 2-ші кезеңде  бейне-таныстырылым жүктелді.  3-ші кезеңде ІV тақырыптары бойынша «Ашық бейнесабақ» түсірілді.

«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың V Республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысқан 13 жас маманның арасынан үздік шығып, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тойлыбаева Ардақ Жұманқызы жүлделі І орынға ие болды.


{gallery}000i/-8{/gallery}