Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
«№1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
әдістемелік қызметінің 2020-2021 оқу жылының
І жартыжылдығындағы жұмысына талдау
Әдістемелік қызметтің 2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығындағы барлық қызметі «Сабақты зерттеу оқу мен оқыту іс-тәжірибесін жетілдірудің құралы» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасын іске асыруға бағытталды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім беру саласында қабылданған заңнамалары негізінде жасалды және Қарағанды облысының Педагогикалық Шеберлік Орталығы, сондай-ақ Сәтбаев қаласының білім бөлімімен келісілді. Эксперименттің мақсаты Сабақты зерттеу қатынасын енгізу арқылы оқу мен оқыту іс-тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты құрастырудың басты идеясы мектептің жұмысын мәселелік-бағытталған талдау және жаңартылған білім беру мазмұны талаптары негізінде жасалды.
Жүргізілген сараптамалық талдау білім беру мекемесінің қызметіндегі мәселелік аймақтарды білім алушылардың құрамы, педагогтардың кәсіби дамуы және желілік ынтымақтастыққа байланысты мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. 12% білім алушылар іс-жүзінде өздігінен әрекет етуге қиналатын оқушылар. Оларда кездесетін негізгі қиындықтар, жазбаша және ауызша ақпаратты өңдеуге қатысты болып отыр. 33,6% оқушыларға мұғалімнің тарапынан қосымша көмек керек, себебі, оларда зияткерлік іс-әрекеттің орташа қарқыны болғандықтан, кез-келген ақпаратпен жұмыс жасау үшін қосымша уақыт қажет.
Осылайша, білім алушылардың функционалдық оқу дағдыларын қалыптастыру және оқу қызметінің сапасын арттыру үшін педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру педагогикалық ұжымның жұмысында өзекті болып табылады.
Әдістемелік қызметтің іс-әрекеті білім беру қызметінің оқыту сапасын көтеруге жағдай жасайтын оқу кеңістігін құруға бағытталған.
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КРИТЕРИЙЛЕР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРІ
|
№ |
Критерий |
Көрсеткіштер |
|
1. |
Құзырлы-бағытталған білім
|
1. Олимпиада байқауларында жетістіктері бар оқушылармен жеке жұмыс 2. Пәндерден бір «3» немесе бір «4» бар оқушылармен жеке жұмыс 3. Таңдауы бойынша бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер 4. Оқу жоспарының вариативті бөлігінің мониторингісі 5. Оқушылардың оқу іс-әрекетін рейтингтік бағалау 6. Мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін портфолио материалдары бойынша бағалау 7. Ғаламторда жұмысты тіркеу журналы |
|
1.1. Білім беруді бейімдеу және кәсібилендіру.
|
1. Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары 2. Оқу-материалдық база ЖМБ бейіндік оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: - жаратылыстану-математикалық бағыт – физика, химия, биология кабинеттері толық оқу құралдарымен жабдықталған; 2 информатика кабинеті; мультимедиялық кабинет; төлқұжаты бар кабинеттер: 3-математика, 1-география кабинетттері. 3. Мектептің бейіндік сыныптары кадрлармен толық жасақталған. 4. Бейіндік сыныптарға қабылдау үшін оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бар: - педагог-психолог – 2 - педагог-дефектолог – 2 - әлеуметтік педагог – 1 5. Бейіндік оқытудың тұжырымдамалық ережелерін, нормативтер мен технологияларын меңгеруде әдістемелік қызметтің жұмысын ұйымдастырудың ұтымды деңгейі. |
|
|
1.2. Элитарлық білім (оқу мазмұнының гимназиялық компоненті).
|
1. Гимназиялық сыныптар – 22. 2. Академиялық дарындылығы бар оқушылармен пән-мұғалімдерінің жеке жұмысы. 3. Бала дарындылығын диагностикалау. 4. «Ізденіс» оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы 5. Олимпиада, түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарға қатысу. |
|
|
1.3. Әлеуметтік серіктестік |
1. Сәтбаев қаласының білім мекемелеріне «БжС» технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бойынша стажерлық алаңның жұмысын ұйымдастыру. 2. Қосымша білім беруді ұйымдастыру, Өнер мектебі және Оқушылар сарайымен ынтымақтастық. 3. Жеке меншік №29 «Сауле» және №33 «Дошкольник», №31 «Рябинушка» жеке меншік балабақшаларымен бірлескен жұмыс. |
|
|
1.4. Оқыту қажеттіліктерін зерттеу негізінде кадрлардың біліктілігін көтеру моделі. |
1. Әдістемелік кабинеттің педагогтар мен басқарушы кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша жұмыс жоспары. 2. Қайта даярлау курстарының мониторингісі. 3. Гимназия мұғалімдерінің кәсіби мәдениетін көтеру бағдарламасы. 4. Өздігінен білім көтеру жұмысы. 5. «Сұхбат» жас маман мектебі. 6. Мұғалімнің кәсіби дамуының жеке бағдарламасы. |
|
|
1.5. Жалпы сапаны басқару тұжырымдамасы принциптерінің негізінде білім беруді басқару.
|
1. Әлеуметтік тапсырысқа бейімделу. 2. Жалпы сапаны басқару тұжырымдамасының принциптеріне сәйкес келетін жаңашылдық үрдістерді жүзеге асыру: - білім беру мазмұнында (базалық, дамытушылық, бейіндік); - оқыту технологияларында («БжС», АКТ, RWCT, дебат технологиясы, жобалау технологиясы); - мұғалімнің кәсіби дамуында (жаңа әдістемелік қатынастар, бақылаушылық-сараптамалық дағдылар, жобалаушылық және ғылыми-зерттеушілік іскерліктер, әлеуметтік-кәсіби мобилділік); |
|
|
1.6. Іс-әрекеттің нәтижелерін мониторингілеу.
|
1. №1 мектеп-гимназиясы оқушыларының оқу іс-әрекетінің мониторингісі. 2. №1 мектеп-гимназиясы мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетінің мониторингісі. |
|
|
2. |
Нәтижеге бағытталған жұмыс тәртібіне әдістемелік қызметтің көшуін қамтамасыз ету. |
1. №1 мектеп-гимназиясы әдістемелік қызметінің жаңартылған моделі. 2. Педагогикалық мониторингтің қызметін ұйымдастыру. 3. Оқу-тәрбие үрдісін психологиялық жасақтау. 4. Мектеп педагогтарының кәсіби табыстылығының диагностикасы. 5. Тәлімгерлікті ұйымдастыру. |
|
3. |
Даму бағдарламасын жобалау мен іске асыру. |
1. Мектептің 2019-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы 2. «Сабақты зерттеу оқу мен оқыту іс-тәжірибесін жетілдірудің құралы» тақырыбындағы эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың бағдарламасы 3. Жобалар: «Дарынды балалар», «Педагогтардың кәсіби шеберлігінің дамуы» |
|
4. |
Озық педагогикалық тәжірибе. Жаңалықтың элементтері бар – деңгей.
|
1) Наймушина О.П., тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші. Әдістемелік тақырыбы: «Тарих сабақтарында оқушылардың түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру». Мұғалімнің іс-тәжірибесі сабақтарда оқушылардың түсініп оқу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 2) Есмаганбетова Р.Н., бірінші санатты, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Әдістемелік тақырыбы: «Жазба жұмыстары арқылы оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру». Мұғалімнің іс-тәжірибесі оқушылардың жазу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді. |
|
5. |
5.1. Оқытудың Қазақстандық моделі талаптарына әдістемелік жұмыстың сәйкестігін қамтамасыз ету
|
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары. 2. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары. 3. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары. 4. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары. 5. «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік Бағдарламасын асыру бойынша іс-шаралар жоспары. 6. Мектептің оқытудың 12-жылдық білім беру моделіне көшуін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары. |
|
5.2. Әдістемелік жұмыстың оқытудың жаңа нәтижелеріне: білім алушылардың әлеуметтенуі, негізгі құзырлықтары, ББД сәйкестігін қамтамасыз ету |
1. Әдістемелік жұмыс мазмұнының оқытудың жаңа нәтижелерін қалыптастыру сұрақтарына бағытталуы. 2. №1 мектеп-гимназиясы оқушыларының оқу іс-әрекетінің мониторингісі (білім сапасы, оқу сапасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу) 3. Олимпиада, ғылыми жобалар сайыстары, зияткерлік байқауларға қатысудың нәтижелілік мониторингісі. |
|
|
5.3. Әдістемелік қызметтің соңғы нәтижеге жетудегі тиімді іс-әрекеті.
|
1. Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттіліктерін көтеру жүйесі. 2. Іс-әрекеттің нәтижелерін жағымды сараптамалық бағалаудың жиынтығы. 3. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу. 4. Ғаламтордағы мектептің сайты satgim1.ucoz.kz. |
Мектептің мұғалімдері жүйелі түрде Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» журналдарында, «ХХІ ғасырдағы оқыту әдістері: теория, практика», «Ізденіс» газетінде, әдістемелік басылым беттерінде материалдарын жариялайды және Ғаламтордағы web-адресе: infourok.ru/material.html?mid=105118 сабақтарын жүктейді.
Мектептің дамуының нәтижесі барлық қатысушылардың шығармашылық үдеріске енуі мен мектеп мұғалімдерінің әртүрлі деңгейдегі фестиваль, байқау, смотрларға қатысуының нәтижелі көрсеткіші болып табылады.
2020 жылғы 16 қазанда «Білімдегі инновациялар. Ізденіс және шешімдер» атты VІІ халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясында «Қашықтан оқыту. Методология, әдістемелік және технологиялық аспектектілер» тақырыбындағы панелдік сессияда мектеп директоры Г.Т.Иманбаева-Казбекова, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.В.Иоцус және технология пәнінің мұғалімі А.А.Казкенова өздеріінң іс-тәжірибесімен бөлісті. Ғылыми-практикалық онлайн-конференциясының материалдарына орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, «педагог-зерттеушілер» Г.П.Орынтаева, бастауыш сынып мұғалімдері М.А.Бадекова, Б.Т.Кожахметова және «педагог-сарапшы» К.А.Мухамеджанның мақалалары жинаққа енді.
«Жаһандану дәуіріндегі қазіргі заманғы ғылымның даму тенденциялары» тақырыбындағы Халықаралық ХХ Байқоңыров оқулары материалдарының жинағында «педагог-зерттеушілер» Г.К.Майгельдинова, информатика пәнінің мұғалімі А.Н.Турарова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.С.Абдигожинаның мақалалары жарияланды.
2020 жылдың 20-21 қазан күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды облысы білім басқармасымен бірлесе отырып, «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі білім беру» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Өлкетану-ұлттық жаңғыру ретінде» пікірталас алаңында «Қазақстанның ұлы тұлғаларының тарихы туған еліміздің дамуының кепілі» тақырыбында «Сары-Арқаның жұлдыздары» бағдарламасын енгізу мақаласы (Иоцус С.В., Абдуселимова Г.А.) І орын және «Ақылды технологиялар-еңбек өнімділігін дамыту мүмкіндігі» пікірталас алаңында (Бектасова А.А.) «Жаңартылған білім беру мазмұнында пәндерді оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі» мақаласы ІІІ орынға бағаланды. Ө.А.Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі тәрбие мен білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдарына директордың кәсіби оқыту бойынша орынбасары Л.А.Беисова, «педагог-зерттеушілер» тарих пәнінің мұғалімі О.П.Наймушина, бастауыш сынып мұғалімдері М.А.Бадекова, «педагог-сарапшы» К.А.Мухамеджанның мақалалары жинаққа енді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Сулейман Демирель атындағы университет 2020 жылғы желтоқсанның 21 күні «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми конференцияның пленарлық отырысында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Г.Какенова өзінің мақаласын қорғап, жинаққа енді.
2020 жылдың 26 қарашасында Қарағанды облысының Педагогикалық Шеберлік Орталығы ұйымдастырған «Сабақты зерттеу: Қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбындағы ғылыми-зерттеушілік онлайн-конференциясында мектеп директоры Г.Т.Иманбаева-Казбекова, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С.В.Иоцус өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Конференцияның жұмысына Г.Б.Жакупова, Г.П.Орынтаева, С.К.Алибекова, А.Б.Жунусова, М.Т. Ахметова, А.Ж.Байдаулетова, А.А.Бектасова қатысты.
2020 жылдың желтоқсан айында химия, биология, физика, география пәнінің мұғалімдері 8-ші сыныпта жүргізген зерттеу сабақтарына Қарағанды қаласының ПШО тренері К.Е.Абдикаримова ZOOM платформасында қатысып, кеңестер берді.
2021 жылғы 13 қаңтарда Сабақты зерттеу (Lesson Study) ПШО және «Қазақмыс» онлайн-семинарында модератор А.Н.Турарованың шығармашылық тобы Г.Ә.Ержан, А.Б.Жунусова, Г.Б.Жакупова, С.К.Алибекова облыстық деңгейде іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мектеп дамуының жағымды нәтижесі ретінде барлық қатысушылардың шығармашылық оқу-тәрбие үрдісіне ену деңгейінің көрсеткіші және мектеп мұғалімдерінің әртүрлі деңгейдегі фестиваль, байқау, смотрларға қатысуы болып табылады.
Мектеп мұғалімдерінің жетістіктері
|
№ |
Іс-шаралардың атауы |
2018-2019 оқу жылы |
2019-2020 оқу жылы |
2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығы |
|
Халықаралық деңгей |
||||
|
1. |
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар: Алгоритм» «Жаңа дәуірдің дамуындағы инновациялық технологиялардың рөлі». Халықаралық Байқоңыр оқулары «Жаһандану дәуіріндегі қазіргі заманғы ғылымның даму тенденциялары». Білімдегі инновациялар. Ізденіс және шешімдер» атты VІІ халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы |
5 |
5 |
10 |
|
Республикалық деңгей |
||||
|
1. |
ҚР БҒМ Құрмет грамотасы |
2 |
3 |
2 |
|
2. |
«Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісі |
- |
- |
1 |
|
3. |
ҚР БҒМ Бақылау Департаментінің Алғыс хаты |
- |
1 |
- |
|
4. |
Ө.А.Байқоңыров атындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі тәрбие мен білім беру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы. «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми конференциясы. Республикалық ҒПК «Дәстүрлер және инновациялар» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру |
2 |
2 |
8 |
|
5. |
Республикалық «Әдістемелік вернисаж» ашық педагогикалық жұмыстардың фестивалі «Үздік презентация» |
3 |
3 |
1 |
|
6. |
«Тағылым» Республикалық байқау «Үздік сабақ жоспары» |
1 |
1 |
- |
|
7. |
ҚР БҒМ Ғылыми-практикалық орталығы «ДАРЫН» Алғыс |
3 |
- |
|
|
8. |
ҚР БҒМ Ғылыми-практикалық орталығы «ДАРЫН» «ПедСтарт» республикалық қашықтық олимпиадасы |
5 |
7 |
2 |
|
9. |
«Мен мамандықтар әлемінде» V Республикалық онлайн байқау |
- |
- |
20 |
|
Облыстық деңгей |
||||
|
1. |
Қарағанды облысы ББ Құрмет грамотасы |
- |
Алибекова С.К. |
Ержан Г.Ә. |
|
2. |
Қарағанды облысы ББ Алғыс хаты |
- |
Иденова Г.Ш. |
- |
|
3. |
Қарағанды облысы әкімінің сыйақысы |
-1 |
2 |
- |
|
4. |
Вариативтік курстың авторлық бағдарламасының облыстық байқауы |
- |
2 |
- |
|
5. |
Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық ҒПК |
3 |
2 |
- |
|
6. |
Облыстық ҒПК «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдарлама» |
4 |
- |
- |
|
7. |
«Жетістік бағыттаушысы» қысқа мерзімді сабақ жоспарлары облыстық сайысы |
2 |
2 |
4 |
|
8. |
«Қарағанды облысының білім беру саласындағы 100 жаңа есім» |
- |
- |
1 |
|
Аймақтық деңгей |
||||
|
1. |
Аймақтық педагогикалық оқу «Ұрпаққа ұлағат» |
4 |
- |
- |
|
2. |
«Қазақ халқының алтын бесігі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция |
1 |
1 |
2 |
|
Қалалық деңгей |
||||
|
2. |
Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасы |
3 |
3 |
1 |
|
3. |
Сәтбаев қаласы әкімінің сыйақысы |
3 |
5 |
1
|
|
4. |
Сәтбаев қаласы әкімінің сыйақысы «Спорт күні» |
5 |
5 |
1 |
|
5. |
Сәтбаев қаласы білім бөлімі және кәсіподағының Алғыс хаты |
4 |
5 |
8 |
|
7. |
Жастар арасындағы «Әкім кубогы» қалалық турнир |
1 |
1 |
- |
|
8. |
Қалалық «Үздік тарихшы» байқауы |
- |
- |
1 |
|
9. |
Қалалық бейне-сабақ байқауы |
- |
- |
13 |
|
10. |
«Үздік медиатор-2020» қалалық байқау |
- |
- |
1 |
|
11. |
«Сәтбаев қаласының ономастикалық келбеті» қалалық таныстырылым байқауы |
- |
- |
1 |
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Осы бағытта мектеп мұғалімдерінің І жартыжылдықтағы жетістіктері бағалау критерийі бойынша жасалды.
Мұғалімнің жұмысының сапасын бағалаудың критерийі 2020-2021 оқу жылы
Т.А.Ә. ___________________________________________________________________________
|
№ |
Критерийлер |
Көрсеткіштер |
Мұғалімді бағалау |
Ескерту |
|
I. |
Оқу іс-әрекеті |
|
|
|
|
1. |
Білім сапасының төмендеуі (тоқсан бойынша) |
Қолайлы деңгей –7% Сыни деңгей – 7%-дан жоғары |
|
|
|
2. |
Қалалық олимпиада, байқаулар, жарыстарға қатысушылар, жеңімпаз-оқушылар, жүлдегерлер саны |
5 балл – 1 орын 3 балл – 2 орын 2 балл – 3 орын 1 балл – қатысу |
|
|
|
3. |
Облыстық және республикалық олимпиада, байқаулар, жарыстарға қатысушылар, жеңімпаз-оқушылар, жүлдегерлер саны |
10 балл – республикалық деңгей жеңімпаздары; 5 балл – облыстық деңгей жеңімпаздары; 3 балл – республикалық және облыстық байқауларға қатысушылар |
|
|
|
II. |
Ғылыми-әдістемелік жұмыс |
|
|
|
|
1. |
Кәсіби байқаулар мен жарыстардың қатысушысы, жүлдегері және жеңімпаз-мұғалім |
5 балл – жеңімпаз 3 балл – қатысушы |
|
|
|
2. |
Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, воркшоптар арқылы тәжірибе алмасу |
3 балл – әрбір сабақ және іс-шара, воркшоп үшін |
|
|
|
3. |
Мектепішілік, қалалық, облыстық семинарларды дайындау және өткізу |
10 балл – облыстық семинар 5 балл – қалалық семинар 3 балл – мектепішілік семинар |
|
|
|
4. |
Пәндер кафедрасының жұмысына белсенді түрде қатысуы |
3 балл – ПК жетекшілігі 2 балл – кафедраның жұмысына қатысу |
|
|
|
5. |
Әдістемелік әзірлемелер мен зерттеу мақалалары (ғылыми-тәжірибелік конференциялар және т.б.) басылымдары |
3 балл – әрбір басылым үшін |
|
|
|
6. |
Авторлық бағдарлама және оқу-әдістемелік кешен құрастыру |
10 балл |
|
|
|
7. |
Ақпараттық медиаконтент орналастыру (bilimland.kz және т.б.) |
10 балл |
|
|
|
8. |
«Сабақты зерттеу оқыту іс-тәжірибесін жетілдірудің құралы» эксперименттік-тәжірибелік жұмысқа, мектептің даму бағдарламасына және жобаларға қатысу |
10 балл |
|
|
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру сапасы оқу жоспарының инварианттық және варитативтік компонентін әдістемелік қамтамасыз етумен сипатталады.
Педагогикалық ұжыммен қолданылатын оқыту технологиялары, олардың нәтижелілігі
|
Технология |
Пән |
(ОӘО мүшелері санынан) технологияны қолданатын мұғалімдер % |
Технологияны қолданудың нәтижесі |
Технологияны қолдануға байланыты мектептің дамуының перспективалары |
|
Биоақпараттандыру және синергетика |
5-11 сыныптар: базалық компоненттегі барлық пәндер Бастауыш оқыту: математика, дүниетану |
63% |
Технологиялық карталау арқылы оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару |
Мектепте сапаны басқарудың кәсіби жүйесін құру
|
|
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру
|
Бастауыш оқыту |
30% |
Материалды неғұрлым сезіммен ұсыну, оны тиімді бекіту
|
Оқушылардың зиятын өзіндік дамыту мен дамуының ең басты жағдайы ретінде математикалық білімнің тұтастығына қол жеткізу |
|
Орыс тілі сабақтарында төменгі сынып оқушыларының кешенді зияткерлік дамуы |
Бастауыш оқыту |
35% |
Тиімді есте сақтаудың тәсілдерін меңгеру міндеттерін баланың ұғынуы |
Технологияны қолдану мұғалім мен оқушының қызметтерін қайта бөлуге көмектеседі, бұл оқушыға зияткерлік жұмыстың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді |
|
Потапов бойынша перспективалы оза оқыту |
Базалық компоненттегі барлық пәндер |
9% |
Оқу материалы мазмұнының сатылығы, жүйелілігі |
ББД меңгеру Барлығын табысты оқыту |
|
Дамыта оқыту |
Бастауыш оқыту |
100% |
Пәндерді терең оқып-үйрену үшін білім беру базасын дайындау, бала тұлғасын жан-жақты жүйелі дамыту |
Оқытудың гимназиялық компонентін қалыптастыру
|
|
Мәселелік оқыту |
Базалық компоненттегі барлық пәндер |
86% |
Өздігінен жұмыс жүргізу іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
|
Оқу сабақтарын ұйымдастыру, бұл мұғалімнің жетекшілігімен проблемалық жағдайларды тудыруға және оны шешуге оқушылардың белсенді өзіндік іс-әрекетін жүргізуге мүмкіндік береді |
|
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау
|
Барлық пәндер |
55% |
Ойлауды дамыту, талдау іскерлігі, білімді өздігінен алу, пікірталасқа ену, өз ұстанымын қорғай білу |
Оқытудың ғылыми негізделген моделін мектеп жұмысының практикасына енгізу
|
|
Оқытудың жобалаушы әдістері
|
Тарих, география, физика, биология, технология, музыка |
55%
|
Прагматикалық нәтижелерге қол жеткізу, жобалардың пәндік мазмұнның шеңберінен шығуы, әлеуметтік маңызды нәтижелер деңгейіне көшу
|
Технологияларды қолдану: - мектеп мүмкіндігі шеңберінде білім алушылардың әлеуметтік мәселелерді шешу құқығының берілуі; - келешек кәсіби іс-әрекетке алғашқы ену мүмкіндігімен қатар болашақ мамандығын таңдауға бағытталған курс практика ретінде |
|
«Дебат» технологиясы |
Тарих, әдебиет |
42% |
Көрермен алдында сөйлеу дағдыларын дамыту |
Конференция, ОҒҚ, «дөңгелек үстелдерде» сөйлеу |
|
Модулдық және блоктық-модулдық оқытудың технологиясы |
әдебиет, биология, математика |
47% |
Пәндік оқытудың денсаулықты сақтау аспектілерін күшейту |
Мониторингтік әзірлемемен технологияны қолдануды дамыту |
Мектепте 2020-2021 оқу жылында 6 пәндер кафедрасы жұмыс жүргізеді (Бұйрық №98 01 қыркүйек 2020 жыл): «Лингвистикалық-қоғамдық» ПК (қазақ тілі, тарих); «Лингвист» (орыс тілі, ағылшын тілі) ПК; Бастауыш мектеп ПК; «Нақты ғылымдар» ПК; «Жаратылыстану ғылымдары» ПК, «Эстетикалық бағыт» ПК. Пәндер кафедрасы жұмысының мақсаты: өздерінің қызметтерін орындауға дайындық деңгейі мен іс-әрекеттерінің әлеуметтік талаптары арасындағы сәйкестікті орнатуға мүмкіндік беретін, мұғалімдердің құзіреттіліктері мен кәсіби шеберліктерін дамыту болып табылады. Пәндер кафедрасының барлық күштері келесі міндеттерді іске асыруға бағытталады: мұғалімдердің кәсіби дайындығының ғылыми-әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету және «Сабақты зерттеу – оқу мен оқыту іс-тәжірибесін жетілдірудің құралы» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру арқылы оқыту сапасын үздіксіз жетілдіру.
Пәндер кафедрасының әдістемелік жұмысының бағыттары: оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименталдық және ғылыми-зерттеушілік жұмыстың нормативтік құжаттарын оқып-үйрену; жаңашыл технологияларды оқып-үйрену, әріптестердің озық педагогикалық тәжірибесін, пәндер кафедрасының отырыстарында баяндамалар қорғау, әртүрлі деңгейдегі семинарлар, конференциялар, байқаулар, басылымдарға қатысу; мұғалімнің портфолиосын құру; әдістемелік және пәндік апталықтарды өткізу; Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістеме орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында өткізілетін сауаттылық апталықтарына белсенді қатысу, облыстық және мектепішілік іс-шараларға атсалысу, әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларды өткізу және қатысу; олимпиадаға дайындық арқылы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға, зерттеушілік конференцияларға қатысу арқылы мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау және тарату.
Пәндер кафедрасының жұмысын талдау, мектеп мұғалімдерінің оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа технологияларды белсенді меңгергенін көрсетті. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістері толықтырылу мен жетілдірілу үстінде, жаңашылдық қатынас педагогтардың іс-әрекетінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Пәндер кафедрасы аясындағы пәндерді оқытудың сапасы (%)
|
№ |
Пәндер кафедрасының атауы |
2018-2019 оқу жылы |
2019-2020 оқу жылы |
2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығы |
|
1. |
«Бастауыш мектеп» пәндер кафедрасы |
80,6 |
87,3 |
67 |
|
2. |
«Лингвистикалық-қоғамдық» пәндер кафедрасы (қазақ тілі, тарих қ/б, о/б) |
71,3 |
74,8 |
66,2 |
|
3. |
«Лингвист» пәндер кафедрасы (орыс тілі, ағылшын тілі қ/б, о/б) |
80,6 |
76,5 |
79 |
|
4. |
«Жаратылыстану ғылымдары» пәндер кафедрасы |
81,5 |
86,2 |
77 |
|
5. |
«Нақты ғылымдар» пәндер кафедрасы |
69,0 |
75,1 |
60,4 |
|
6. |
«Эстетикалық бағыт» пәндер кафедрасы |
100 |
100 |
100 |
Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.
Білім сапасын арттыру бағытында мектеп әкімшілігі оқу сапасын арттыру мақсатында жасалды.
Білім алушылардың оқу сапасын түсірмеудің алдын-алу іс-шараларының жоспары
|
№ |
Іс-шаралар |
мерзімі |
жауаптылар |
қатысушылар |
күтілетін нәтиже |
аяқтау формасы |
||||||
|
атауы |
жүргізу формасы |
|||||||||||
|
Оқушылардың оқу сапасын арттыру және үлгермеудің алдын алу шаралары |
||||||||||||
|
1. |
«Зейін» облыстық жобасына қатысу |
WorkShop |
кестеге сай |
Жакупова Г.Б. Шарипова Г.Х. |
8-10 сынып оқушылары, пән-мұғалімдері |
8-10 сынып оқушылары ПИЗА зерттеуіне қатысуға дайындығы |
мониторинг |
|||||
|
2. |
«Мектеп табысы кепілі – сапалы білім» жобасын іске асыру |
зерттеу
|
жоспарға сай |
Жакупова Г.Б. Шарипова Г.Х. |
пән-мұғалімдері, сынып жетекшілер |
жобаны іске асыру бойынша: 1. мектептің орта көсреткіші –63,6% 2. гимназия сыныптарында – 76,3% |
педагогикалық кеңес (қаңтар, мамыр) |
|||||
|
3. |
«Жетістікке ұмтылу» әлеуметтік-психологиялық жобасын іске асыру |
зерттеу
|
кестеге сай |
Аширова Н.Б. |
педагог-психолог, пән-мұғалімдері |
1. жобаны іске асыру бойынша 9-шы сынып оқушылары колледждерге оқу гранттарына түсуі - 56,5% 2. Оқу грантын жеңіп алған 11-ші сынып оқушылары артуы - 88% 3. Бір пәннен «3» бар оқушылар санының кемуі – 0,8% |
педагогикалық кеңес (әр тоқсанның қорытындысы) |
|||||
|
4. |
Ойын және техника арқылы оқуға ынталандыру және қызығушылықтарын ояту |
матема тика, инфор матика пәндеріндегі оқу тапсыр малары геймификация |
3 тоқсан |
Абодовская С.Ю. |
пән-мұғалімдері |
математика және информатика сабақтарындағы оқыту ойындарының жинағы |
әдісте мелік өнім |
|||||
|
5. |
«Мектеп және отбасы – сенім кепілі» жобасын іске асыру |
зерттеу
|
кестеге сай |
Абилдинова Ж.Д. |
әкімшілік, сынып жетекшілер, ата-аналар |
мектепте іс-шараларды өткізу және ұйымдастыруға белсенді қатысатын ата-аналардың үлесі – 27% |
жиналыстар хаттамалары |
|||||
|
6. |
Білімдегі ақауларды жою үшін үлгермейтін оқушылармен жұмыс |
Үлгермейтін оқушылармен жеке жоспар әзірлеу |
тоқсанда 1 рет |
Жакупова Г.Б.
|
пән-мұғалімдері |
үлгермейтін оқушылардың санының азаюы |
мониторинг |
|||||
|
Педагогтардың кәсіби өсуі |
||||||||||||
|
7. |
«Аралас оқыту» оқу қатынасын меңгеру |
WorkShop, оқыту семинарлар |
жыл бойы |
Беисова Л.А. Каменева Л.А. |
пән мұғалімдері, оқушылар |
оқыту платформа ларында жүргізілетін сабақтарын санын арттыру |
статистика |
|||||
|
8. |
Инновациялық технологиялар негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдас тыру |
WorkShop, оқыту семинарлар |
жыл бойы |
Беисова Л.А. Каменева Л.А. |
пән мұғалімдері, оқушылар |
оқыту үрдісінде RWCT технологиялары қолдану |
сабақтың әзірле мелері |
|||||
|
9. |
Мектеп педагогтарының тәжірибесіне сабақты зерттеу қатынасын енгізу |
Сабақты жоспарлау және зерттеу |
кестеге сәйкес |
Каменева Л.А. Беисова Л.А. |
модераторлар, зерттеуге бағытталған топтар |
ЭТЖ аясында Сабақты зерттеу қатынасына енген мұғалімдер үлесі – 36%; сыныптар саны – 14% |
зерттеу материалдары |
|||||
|
10. |
Оқуты үрдісін бағдарламалық-әдістемелік жасақтау |
Авторлық бағдарламасы құру |
3 тоқсан |
Каменева Л.А. Беисова Л.А. |
пән мұғалімдері |
вариативтік компоненттің авторлық бағдарламалары |
оқу жоспарының өзгеруі |
|||||
|
11. |
«Әртүрлі санаттағы оқушылармен жұмыстың ерекшеліктері: дарынды балалар және ерекше балалар» |
психоло гиялық-педагоги калық оқулар |
қаңтар, 2021 жыл |
Каменева Л.А. Беисова Л.А. психолог |
пән мұғалімдері |
әдістемелік ұсынымдар |
материалдар |
|||||
|
Дарынды балалармен жұмыс |
||||||||||||
|
12. |
«Дарынды балалар» жобасын іске асыру
|
Қосымша сабақтар, олимпиада, байқаулар |
жыл бойы |
Беисова Л.А. Кенжегозина С.Б. Турарова А.Н. |
пән мұғалімдері, оқушылар |
1. жобаны іске асыру барысында зияткерлік байқауларға қатысқан оқушылардың үлесі - 43% 2. қосымша біліммен қамтылған оқушылардың үлесі - 46,5% |
директор жанындағы жиналыс (қаңтар) |
|||||
|
13. |
«Ізденіс» ОҒҚ жұмысы |
Жеке жұмыс |
жыл бойы |
Беисова Л.А. Кенжегозина С.Б. Турарова А.Н. |
пән мұғалімдері, оқушылар |
ғылыми-зерттеу жұмысына қатысатын оқушылар санының артуы – 40 оқушы |
директор жанындағы жиналыс (қаңтар) |
|||||
|
14. |
«Олимпиада резервінің мектебі» |
Баланы дамытудың жеке траекториясы |
жыл бойы |
Беисова Л.А. Кенжегозина С.Б. Турарова А.Н. |
пән мұғалімдері, оқушылар |
пәндер бойынша олимпиада жүлдегерлерінің санының артуы |
олимпиаданың қорытынды талдауы |
|||||
Әдістемелік жұмыстың басым бағыты мектеп педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін көтеру жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты мектепте үздіксіз проблемалық семинарлар: «Қазіргі мұғалімнің функционалдық сауаттылығы», психологиялық-педагогикалық семинар, психологиялық-педагогикалық оқулар өткізілді. Проблемалық семинарлардың жетекшілері Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен, Абдуселимова Г.А. мен Әшірова Ү.Б. Барлық сабақтар олардың курстан алған білімдерін қолдану негізінде жүргізіледі. Мұғалімдердің ғылыми-теориялық және психологиялық дайындық деңгейін көтеру мақсатында жыл бойы психологиялық-педагогикалық семинарлар ұйымдастырылды.
«Мектеп педагогтарының кәсіби шеберліктерін жетілдіруге ықпалдасу» мақсатында 2020 жылдың қыркүйек айында біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты, математика пәнінің мұғалімі Э.М.Максутова «Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекеті» тақырыбында проблемалық семинар өткізді. 2020 жылдың қараша айында біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты, үшінші (базалық) деңгейлі информатика пәнінің мұғалімі А.Н.Турарованың «Сандық технологиялар оқушыларды ынталандырудың тәсілі және пән саласына енудің құралы» тақырыбындағы проблемалық семинары қашықтан оқу жағдайында мұғалімдерге интербелсенді ресурстарды меңгеруге көмектесті. Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Н.Есмаганбетованың «Оқу кеңістігі даму кеңістігінің негізі» тақырыбында өткізген проблемалық семинары пән-мұғалімдеріне оқушылардың жеке даму траекториясымен жұмыс жүргізуге бағытталды.
Мектептің психологы 2020 жылдың қараша айында «Z ұрпақ: оқу мен тәрбиедегі психологиялық қиындықтар» тақырыбына психологиялық-педагогикалық семинар өткізді. Психологиялық-педагогикалық семинарға мектеп мұғалімдері қатысып, тақырып бойынша әдістемелік ұсынымдар алды. «Тиімді қарым-қатынас» тақырыбындағы семинар-тренинг мұғалімдер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Семинардың мақсаты: пән-мұғалімдері мен сынып жетекшілерге қарым-қатынастың тиімді жолын іздеу болды.
Жас мамандардың бейімделуі мен әртүрлі қиындықтарды жеңу үшін көмек көрсету мақсатында, үш деңгейлік «Сұхбат» жас маман мектебінің жұмысы ұйымдастырылды. Оның негізгі міндеттері: жас мамандардың өз жұмысының тәжірибесіне озық педагогикалық технологиялар мен оқытудың қазіргі заманғы қатынастарын енгізу және педагогтардың шығармашылық іс-әрекетінің жеке стилін қалыптастыру. 2020-2021 оқу жылында мектепте 10 жас маман жұмыс істейді. 1-ші жыл 3 жас маман жұмыс жасау үстінде: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Тойлыбай, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.А.Жолдыбай, тарих пәнінің мұғалімі А.С.Аманжолов. Әрбір жас маманға тәлімгер бекітіліп, олармен өзара бірлескен жұмыс жоспары жасалды. Жас мамандармен жұмыстың формалары: кеңестер, өзара сабақтарға қатысу, жеке әңгімелер. Барлық жас мамандар өз пәндері бойынша әдістемелік сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізді. Жас мамандармен жұмысты талдау, әдістемелік көмектің бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жас мамандарға қажеттілігін көрсетті.
Біліктілікті көтерудің бағыттарының бірі мұғалімдердің өздігінен білім көтеру жұмысы болып табылады. Мұғалімдердің өздігінен білім көтеруі педагогтың кәсіби іс-әрекетінің қажетті шарты. Ағымдағы оқу жылында мектеп мұғалімдерінің өздігінен білім көтеруінің негізгі бағыттары: кәсібилік (оқыту пәні); әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың формалары, әдістері мен тәсілдері); эстетикалық (гуманитарлық); тарихи; шет тілдер; ақпараттық-коммуникативтік технологиялар. Әрбір мұғалімнің кәсіби өсуі үшін өзінің жеке өздігінен білім көтеру тақырыбы бар. Оқу жылының басында мектептің барлық мұғалімдері өздігінен білім көтеру тақырыптарын таңдады, ол пән кафедраларының жұмыс жоспарларында рәсімделді. Мәселемен жұмыс жоспарының құрамы: тақырыптың аты, болжанатын нәтиже, жұмыстың кезеңдері, әрбір кезеңнің орындалу мерзімдері, тақырыппен жұмыс барысында жүргізілетін іс-әрекеттер мен іс-шаралар. Тақырыппен жұмыс аяқталғаннан кейін, әрбір мұғалім өз жұмысының нәтижелілігі туралы есептеме жазады. Өздігінен білім көтеруді бақылау үрдісіне әкімшілік тарапынан қатысушылар: мектеп басшысы, оқу тәрбие үрдісінің орынбасарлары, пән кафедраларының жетекшілері, «Сұхбат» жас маман мектебінің жетекшілері, мектептің педагогикалық ұжымы, әрине, ең басты тұлға – мұғалімнің өзі. Мектеп әкімшілігі жұмыс тақырыбының дер кезінде таңдауы мен мұғалімнің өздігінен білім көтеруінің жеке жоспарын қадағалайды, олардың орындалу кезеңдерін бақылайды, сондай-ақ педагогикалық ұжым алдында есеп берулерін тәжірибе жинақтау формасында, баяндамалар, есептеме құжатттарын жинау және талдау, жұмыс нәтижелерін ұсыну жұмыстарын ұйымдастырады. Мұғалімдердің өздігінен білім көтеру және өзіндік даму сұрағы 2020 жылғы қаңтар айында өткен ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында қаралды. Жыл сайынғы мектеп басшысы жанында өткізілген кеңестік жиында «Аттестаттау кезеңі аралығында мұғалімдердің өздігінен білім көтеруін басқару» тақырыбында сұрақ қарастырылады, мәселені талдау барысында, мектеп педагогтарының өздігінен білім көтеруі өнімді нәтиже көрсеткені аталып өтті, себебі өздігінен білім көтеру үрдісінде мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіруі мен даму қажеттілігі іске асырылады; олар педагогикалық тәжірибенің өзіндік тану және өзіндік талдау тәсілдерін меңгереді. Өзіндік білім көтеру тақырыбын әрбір мұғаліммен таңдау барысында: мектептің әдістемелік тақырыбы, кафедралардың әдістемелік тақырыбы, мұғалімнің қиындықтары мен жеке қызығушылықтарының ерекшеліктері басшылыққа алынды. Бақылаудың формалары: есептеме, өзара қатысқан сабақтарды талдау, өзіндік талдау, есептеме болып табылады. Мұғалімдердің өздігінен білім көтеру жұмының әлсіз жақтары: жинақталған әдістемелік өнімнің аз жариялануы; өзіндік жаңа технологиялар бойынша ашық сабақтардың өткізілуі мен әдістемелік жинақтарды құрастырудың жүзеге асырылмауы; жас мамандардың озық тәжірибелі педагогтардың күнделікті және ашық сабақтарына сирек қатысуы. Әдістемелік қызметтің барлық іс-әрекеті деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен бірлескен жұмысына бағытталады. Мектеп-гимназия магниттік мектеп саналып, жетекші «Абай атындағы №4 мектеп-лицей» КММ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Барлық деңгейлік курстан өткен мұғалімдер «Сабақты зерттеу – оқу мен оқыту іс-тәжірибесін жетілдірудің құралы» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қатысушылары болып табылады.
Педагогтардың желілік кәсіби қауымдастығының зерттеу тақырыбы: «Мектеп педагогтарының кәсіби шеберлігін дамыту». Тақырып өзекті болып табылады, себебі қазіргі таңда мұғалімнің тұлғасы білім беру жүйесін реформалауда шешуші рөл атқарады. Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін, мектеп бойынша бұйрық негізінде, LS қатынасында сабақтарды жүргізу үшін даму командасы мен топтар құрылды. Менторлар мен ментилер, коучинг тақырыптары анықталды. Деңгейлік педагогтардың жұмысының циклограммасы жасалды. Мектептің сертификатталған мұғалімдері және педагогикалық қызметкерлерінің ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында оқыған мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының жұмыс жоспары құрастырылды.
Деңгейлік мұғалімдермен жүйелі түрде ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар талдау және рефлексиясымен өткізілді. Мұғалімдердің күштері келесі негізгі идеяларды іске асыруға бағытталды: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын өзектендіру, білім алушылардың топтық жұмыстағы дағдыларын дамыту, топтарда талдау жұмыстарын жүргізу арқылы коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. Топтық және жұптық жұмыстар оқушылардың бойында көшбасшылық сапаларды дамытуға жағдай жасады, ал эссе жазу мен синквейн құрастыру – олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар мұғалімге сабақтағы уақытты ұтымды қолдануға, оқушылардың танымдық іс-әрекетін өзектендіру мен пәнді оқуға ынталандыруды арттыруға мүмкіндік берді.
Оқыту практикасының жаңару үдерісіне педагогтарды енгізу мақсатында деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер фокус-топтарға біріктіріліп, мектеп педагогтарының кәсіби желілік қауымдастығының жұмысына қатысты, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру Бағдарламасының идеяларын өз жұмысының практикасына белсенді түрде енгізді. Педагогтар өздерінің менторларының қолдауымен Бағдарламаның модульдарын оқыту практикаларына сауатты және тиімді қолданды.
Мектеп педагогтарының 30%-ы Lesson Study қатынасындағы сабақтарға қатысты, педагогтардың 45%-дан астамы сыныппен коллаборативтік және шығармашылық орта құру барысында Бағдарламаның модульдарын қолдана отырып, сабақтарын жоспарлады, өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыда бағалау және рефлексиялау іскерліктерін арттырды. Сабақтардың негізгі идеялары: оқушылардың сыни ойлауын өзектендіру, тақырыпты бірлесіп таңдау және «Кластер» стратегиясы арқылы сабақтың мақсатын қою, бағалаудың критерийлерін орындау, критериалдық бағалауға пікір айту (мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы), кумулятивтік әңгіме арқылы оқушылармен ынтымақтасу, білім алушыларда топтық жұмыс, талдау арқылы коммуникативтік дағдыларын дамыту, «Ассоциативтік карта» арқылы сараптамалық қабілеттерін шыңдау, Блум таксономиясы арқылы оқушылардың ойлау дағдыларының жоғары деңгейлерін жетілдіру. Зерттеушілік мәдениет дағдыларын меңгерген педагогтардың саны 70% құрайды. Мұғалімдердің ортасында мектептің «Future energy» www.facebook.com ақпараттық ресурсы таратылған.
Қабілетті және талантты балалармен жұмысты ұйымдастыру және оларды анықтау мәселесі басты назарда тұрады.
Мектептің желілік қауымдастығының іс-әрекетінің нәтижесінде келесі өзгерістер айқындалды:
- мектепте педагогтардың кәсіби дамуына ықпалдасатын жүйе құрылған және қызмет көрсетеді;
- мектептің педагогтарының 71% жаңа қатынастарды басшылыққа алатын оқыту тәжірибесін жандандыру үрдісіне тартылған;
- әкімшілік үдерісінде көшбасшылықтың тармақталуы көшбасшы-мұғалімдерді тартуға мүмкіндік берді;
- оқу мен оқытудың жаңа қатынастар негізінде жүргізілуі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды;
- сауалнамадан өткен 65% мұғалімдердің мектеп әкімшілігіне деген сенімдері артқан, 78% мектеп басшылығының мұғалімдерге деген көзқарастары өзгерген. Бұл өз кезегінде оқу іс-әрекетін жақсартуға септігін тигізді.
Мектеп мұғалімдері ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса отырып, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, байқауларға қатысып, басылым беттерінде мақалалары жарияланды, кіріктірілген бағдарламалар құрастырады.
Дарынды балалармен жұмыс. Оқушының тұлға ретінде шығармашылық әлеуетін дамыту мектеп-гимназияның іс-әрекетінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ғаламтор желісіне еркін енудің нәтижесінде оқушыларда әртүрлі аймақтық және халықаралық жобаларға қатысуларына мүмкінідктері бар. Оқушылар түрлі деңгейдегі зияткерлік байқауларға белсенді түрде қатысты. Оның ішінде балалардың халықаралық және республикалық қашықтық олимпиадаларға қызығушылықтары ерекше.
Соңғы екі жылдағы түрлі деңгейдегі зияткерлік байқауларға қатысу бойынша оқушылар санының динамикасы тұрақты, бұл дарынды баламен мақсатты бағытталған жұмыстың көрсеткіші болып табылады.
|
Деңгейлер |
2018-2019 оқу жылы |
2019-2020 оқу жылы |
2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығы |
|
Халықаралық |
35 (100%) |
30 (91%) |
|
|
Республикалық |
311 (68,3%) |
168 (79%) |
|
|
Облыстық |
42 (39%) |
20 (60%) |
|
|
Қалалық |
71 (66%) |
45 (63%) |
|
Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін «Дарынды балалар» бағдарламасы құрастырылған. Бағдарламаның мақсаты: бала дарындылығын дамытуды психологиялық-педагогикалық жасақтау. Бағдарлама оқушылармен жұмыстың келесі формаларын қарастырады: дарындылықты диагностикалау; қабілетті және дарынды оқушылар туралы деректер базасын жасау; жалпы білім беретін бағыттағы пәндер бойынша дарынды балалармен жеке және дифференциалдық бағдарламаны іске асыру; дарынды балалармен іс-шаралар.
2020-2021 оқу жылында дарындылық диагностикасы 2-11-ші сыныптарда оқитын 893 оқушылары арасында өткізілді. Салыстырмалы талдаудың қорытындысы бойынша 572 дарынды бала анықталды. Оның ішінде: зияткерлік дарындылық – 122; спорттық дарындылық – 89; көркемдік дарындылық – 56; академиялық дарындылық – 216; музыкалық дарындылық – 42; зерттеушілік дарындылық – 47 оқушы. Зерттеу барысында 321 оқушыда «әлеуетті дарындылық» айқындалды.
Бүгінгі күні дарынды баламен жұмыстың қалыптасқан жүйесі орныққан: таңдау бойынша курстарды ұйымдастыру, оқушылардың әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар, олимпиадалар, зияткерлік байқауларға қатысуы. Жыл сайын мектеп олимпиадасына оқушылардың 80% қатысады. Мектептің ОҒҚ оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың бай тәжірибесі жинақталған.
Облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарына қатысқан жүлдегер оқушылардың үлесі
|
Деңгейлер |
2018-2019 оқужылы |
2019-2020 оқужылы |
2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығы |
|
ОҒҚ қалалық байқауы |
5 |
- |
- |
|
«Жоғары математика және мектеп» |
10 |
- |
- |
|
Шағын ғылым академиясы |
19 |
5 |
18 |
|
Үлесі |
6,4% |
0,3% |
- |
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін мектепте мұғалімдермен жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, ғылыми-зерттеушілік мәдениетті дамыту, шығармашылық бастамашылдықты дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас әдістемелік кеңістік құрылған. Мектепте ғылыми-әдістемелік жұмысқа жетекшілік жасау үшін ғылыми-әдістемелік кеңес құрылған, кеңестің мақсаты әдістемелік қызметтің жұмысын жаңғырту жағдайында оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік жасақтау болып табылады.
2020-2021 оқу жылында мектепте оқушыларға 109 педагог білім береді. 91 педагогтың жоғары білім бар, ол 83% құрайды. Жеті педагог екінші жоғары педагогикалық білім алған. Үш мұғалімде магистр дәрежесі бар.
Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамы:
Біліктілік санат «педагог-зерттеуші»/жоғары санат – 36/8
Біліктілік санат «педагог-сарапшы»/бірінші санат – 17/6
Біліктілік санат «педагог-модератор»/екінші санат – 18/1
Біліктілік санаты жоқ «педагог» мұғалімдер – 23
Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мұғалімдер 61,4% құрайды, бұл мектеп-гимназияның мәртебесіне сәйкес келеді. Біліктілік санаты жоқ мұғалімдердің басым көпшілігі жас мамандар мен зейнеткерлер.
Педагогтардың орта жасы – 41 жас. 20 жылдан артық еңбек өтілі бар мұғалімдер 45%. Жұмыс істейтін зейнеткерлер – 13 (12%). Жас мамандар – 10.
Осылайша, педагогтардың әртүрлі жас ерекшеліктері мен сапалық құрамы білім мекемесінің инновациялық режімде жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің үздіксіз білім алуының басты бағыттарының бірі мектеп педагогтарының біліктілікті арттыру курстары, проблемалық курстар және оқыту курстарынан алған оқыту сабақтары болып табылады.
2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында екі мұғалім «ҚР ББ «Кәсіпкерлік және бизне негіздері» пәні бойынша педагогикалық кадрларды қайта даярлау курсының көлемі 108 сағаттан тұратын білім беру бағдарламасынан өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ «Педагогикалық Шеберлік Орталығы» ЖМ әзірлеген «Оқушылардың жаратылыстану ғылымы, математикалық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын, дамыту» ПК біліктілігін арттырудың білім беру бағдаламасы бойынша 14 мұғалім оқыды. Қарағанды ПШО «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсынан 15 мұғалім өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы онлайн форматта өткізген 34 академиялық сағат көлеміндегі критериалды бағалау бойынша каникулдық мектепке 19 мұғалім қатысып, Сертификат алды. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту процесін жобалау курсын 5 мұғалім аяқтады.
2020-2021 оқу жылының қараша және қаңтар айларында ПШО және «Қазақмыс» ұйымдастырған проблемалық онлайн-семинарында біліктілікті арттыру курсынан 60 мұғалім өтті. 2021 жылдың 04-08 қаңтар аралығында ПШО және «Қазақмыс» ұйымдастырған каникулярлық мектепте 4 педагог, 12-14 қаңтар аралығында Сабақты зерттеу (Lesson Study) (1 кезең) 5 мұғалім және 19-22 қаңтар аралығында Тәжірибедегі іс-әрекетті зерттеу (1 кезең) (Action Research) онлайн-семинарына қатысып, педагогикалық шеберліктерін шыңдады. «Өзін-өзі тану» жалпы көлемі 72 сағат оқу курсын педагог-психолог бітірді.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын тарих пәнінің мұғалімі аяқтады. Қарағанды облысы ББД ОӘО ұйымдастырған «Білім беру ұйымдары директорларының кадрлық резерві» курсынан директордың 1 орынбасары оқыды. «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша өзара тәжірбие алмасу мақсатында өткізілетін мастер-классқа 2021 жылғы қараша айында 15 мұғалім, қаңтар айында 9 мұғалім қатысты. «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша өзара тәжірбие алмасу мақсатында өткізілетін шебер-сыныпты облыстық және қалалық деңгейде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.К.Майгельдинова мен Г.П.Орынтаева, қалалық деңгейде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Б.Макажанова өткізді. 202-2021 оқу жылының «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі» бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілетін шебер-сыныпты өткізуге информатика, физика, химия, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдері жоспарланды.
|
Мұғалімдердің саны |
2018-2019 оқу жылы |
2019-2020 оқу жылы |
2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығы |
|
Жоспарға сай |
14 |
7 |
6 |
|
Біліктілікті арттыру курсынан өткендер |
16 |
5 |
5 |
|
Біліктілікті арттыру курсынан өткендер үлесі |
100% |
71,4% |
83,3% |
Мектепте 19 деңгейлік курстан өткен мұғалім жұмыс істейді, бұл педагогтардың жалпы санының 19,8 % құрайды.
Мектепте ағымдағы оқу жылына мұғалімдердің курстан өтуі және біліктілігін артыру бойынша перспективалық жоспарлары құрылған. Курстан өту дайындығы жоспарға сәйкес жүргізіледі. Біліктілікті арттыру курсының мазмұны жаңартылған білім беру және нәтижеге бағытталған, білім беру моделіндегі іс-әрекетке мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық дайындығына басымдық беріледі.
Біліктілікті арттыру курынан өткен және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданатын мұғалімдердің үлесі 92% құрайды. Бүгінгі күні жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7 педагог ағылшын тілінен курстан өтті, бұл осы циклда жұмыс жасайтын мұғалімдердің 47% құрайды.
2020-2021 оқу жылында мектепте озық іс-тәжірибені жинақтау және тарату бойынша жұмыс жүргізіледі:
1) Халиулина Н.А., математика пәнінің мұғалімі, біліктілік санаты «педагог-зерттеуші». Жеке әдістемелік тақырыбы: «Математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту».
2) Абилкаирова О.К., біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі. Жеке әдістемелік тақырыбы: «Математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту».
Мұғалімдермен жинақталған іс-тәжірибе математика сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан және логикалық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Қорытынды:
- 2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында жүргізілген әдістемелік қызметтің талдауы мектеп мұғалімдерінің жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, ғылыми-зерттеушілік мәдениетін шығармашылық бастамашылдықты дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас әдістемелік кеңістік жасақталған.
- Оқытуда қажеттіліктерді оқып-үйренуге негізделген кадрлардың біліктілігін арттыру моделі құрылған.
- Әдістемелік қызметтің бастамашылдығы нәтижеге бағытталған жұмысқа негізделген.
- Білім мекемесін дамыту бағдарламасын іске асыру және жобалауды іске асырады.
- Жаңашылдықты нышаны бар озық педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену деңгейі.
Дегенмен, мониторингтік зерттеулердің нәтижелері көсреткендей жекелеген мәселелер бойынша толыққанды өз шешімін табылмады.
Анықталған мәселелерді жою үшін, қажетті шаралар:
- Мектептің Даму Бағдарламасы аясында келесі стратегиялық бағыттарды анықтау:
- Кадрлық әлеуетті дамыту
- Мектеп педагогтарын зерттеушіілк іс-әрекетке тарту
- Мектептің Даму Бағдарламасының шеңберінде жобаларды кіріктіру:
- «Мектеп педагогтарының кәсіби шеберлігін дамыту»
3. «Сабақты зерттеу оқу мен оқыту іс-тәжірибесін жетілдірудің құрал» тақырыбындағы тәжірибелік-эксперименттік бағдарлманы іске асыру.

