Created: 06 Мамыр 2021
16

Музейдің ашылу салтанаты

Қарағанды облысы білім басқармасының  Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылғы  мамыр айының бесінші жұлдызында салтанатты түрде Бауыржан Момышұлы атындағы музейдің тұсаукесері өтті. Сәтбаев қаласының әкімі Идрисов Асқар Абылайұлы және Сәтбав қаласының ардагерлер кеңесінің ақсақалдар төрағасы  Омаров Сабыр Базылұлы салтанатты түрде музейдің лентасын қиды.

Қонақтардың назарына экспозициялар және заманауи көрме технологиялары ұсынылды: бірегей сенсорлы иілгіш экран, соғыс кезінен көрініс макеті, сол кездегі штаб макеті,  голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, мультимедиялық жолсерік.

Егер біз ұлттық болмысымызды сақтап, музейлердегі жәдігерлердің тарихын, оның мәнін түсіне білсек еліміздің өткен тарихын бүгінгі күнмен салыстыра отырып, тәуелсіздігімізді құрметтей алатын ұрпақ боларымызға сенімдіміз.

Кеншілер қаласының тағы бір мәдени және тарихи құндылығы бар музейімен толыққанын үлкен мақтанышпен айтамыз.

Ұлы тұлғаның құрметіне ашылған музейіміздің есігі қашанда қала қонақтарына және оқушыларына ашық.

{gallery}000i/-9{/gallery}