Created: 09 Қантар 2021
17

Тусиник хат 2020-2021

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ

2020-2021 жылына 1-11-ші сыныптарға арналған

(жаңартылған мазмұнның) оқу жоспарына

ТҮСІНІК ХАТ

            «Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-жұмыс жоспары мектеп ата-аналары мен оқушылардың өзекті сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталды және құқықтық-нормативтік негіздемелерді басшылыққа ала отырып жасалды.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім беру және Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен бекітілген «ҚР ғылым және білім министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жоспарларын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарлары;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығына сай) үлгілік оқу жоспарлары.

1-4-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар негізінде жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

            5-11-сыныптарда білім беру процесі келесі қҧжаттар негізінде жҥзеге асырылады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндері бойынша негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары (2020 жылғы 21 сәуірдегі №154 «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша енгізілген өзгерістермен»); «ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары (2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрықпен соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

              Бастауыш мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылық негіздерін, жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады, ұлттық және әлемдік мәдениеттің негіздеріне тәрбиелейді. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде 1-4 сыныптарда «Ағылшын тілі» пәні аптасына 2 сағат көлемінде оқытылады. Орыс тілі (Я2) бастауыш сыныптарда аптасына 2 сағаттан оқытылады.

     1-ші сыныптардағы оқытудың мақсаты 6-7-жасар балалардың буындап оқу дағдыларын қалыптастыру, тұтас сөзді оқу, мәнерлеп мазмұндау, жатқа айту, сауатты жазуға үйрету, байланыс тілдерін дамыту, қарапайым математикалық сауаттылықты қалыптастыру, өзі және қоршаған орта туралы білімін дамыту болып табылады.  «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.

     Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

     Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

     Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған. «Жаратылыстану» оқу пәні 1-2-ші сыныптарда 1 сағат, 3-4-ші сыныптарда 2 сағат көлемінде оқыталады.

     «Математика және информатика» білім саласына 3-4-ші сынып оқушылары үшін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні аптасына 1 сағаттан енгізілді. Мақсаты: ақпараттың ерекшеліктері туралы көзқарастын, жұмыс жасау әдістері,  компьютерді қолдану бойынша алғашқы біліктерін қалыптастыру.

     Гимназия және жалпы білім беретін бастауыш сыныптардың вариативтік компонентінің оқу жоспарының таңдауы бойынша сабақтарға 1 сағат есебінен балалардың ой-өрісін дамытып, тез шешім қабылдай алуына, шапшаңдығын арттыруға жол ашатын «Интеллектум» курсы (2-4 сыныптарда) және 1-4-ші сыныптардың белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтарына қосымша танымдық әрекетін жағымды ынталандыруды қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Логика» мен 1 және 3-4 сыныптарға «Ғажайып музыка әлемі» сабағы енгізілді.

Негізгі мектептің оқу жоспары оқушылардың негізгі орта білімді алуына негізделген. Бұл сыныптар үшін оқу жоспарын іске асыру оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын басшылыққа алады.

«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-6 сыныптың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

7-9 сыныптардағы «Физика», «География», «Химия», «Биология» пәндерінің оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған. Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту. 5, 6, 7, 8, 9 -сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

              9-сыныптардың оқу бағдарламасының ерекшелігі базалық білім беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады. 9-сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға, толыққанды қарым-қатынас жасауға қажетті және тұлғаның дамуына ықпал ететін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

              Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Абайтану» таңдау курсы оқытылады.

Вариативтік компонент есебінен: 5-9 сыныптарға «Логика», ұлттық тарихымызды жаңғырту мақсатында 5-6, 8-9 бейіналды сыныптарға «Тарих – таным», 6-шы сыныптарға «Математикалық есептерді шығарудың тиімді тәсілдері», 9-сыныптарға «Зайырлылық және дінтану негіздері», «Абайтану» элективті курстары оқу жоспарына енгізілді. Жеке және топтық жұмыстар есебінен 5-9 сыныптардың оқу жоспарына «Шешендік өнер» курсы қойылды.

Оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін 11 сыныптарға 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелерге 0,25 ставка  бекітілді. 7-9 гимназия сыныбының оқушылары үшін оқу жоспарына қосымша құрылды.  Гимназиялық компоненттің таңдау курстары: 7А, 8А, Ә, 9А гимназиялық сыныптарына«Информатика және ағылшын тілі», 8А, Ә, 9А гимназиялық сыныптарына «Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқыту» және «Алғашқы химиялық терминдер» таңдау курстары оқу жоспарына енгізілді.

Үйірмелік жұмыс есебінен 7А, 8А, Ә гимназиялық сыныптарына 1 сағаттан «Робототехника», «Болашақ инженерлер», 7А, 8А, Ә, 9А гимназиялық сыныптарына 1,5 сағат «Алтын ине», Шахмат және 9 «А» гимназия сыныбына «Дебат» оқу жоспарына қойылды.

            10-11-ші сыныптарда оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады. 10-11-сыныптардың үлгілік оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген.

Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы бейінді білім алушылардың өздері анықтайды, білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.

№1 мектеп-гимназиясының 10 «Ә», 11 «А» сыныбының оқу-жұмыс жоспарына тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті химия, биология және 10 «А», 11 «Ә» сыныбының оқу-жұмыс жоспарына тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті физика, география сияқты таңдау пәндері аптасына 4 сағаттан енгізілді. 10-11-ші сыныптарда оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» аптасына 2 сағаттан оқу-жұмыс жоспарына қойылды. 10 сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді.

Химия-биология тереңдетілген деңгейдегі 10 «Ә», 11 «А» сыныптарының оқу жоспарына жеке және топтық жұмыстар есебінен «Қосымша далалық оқу жиыны» (10 «Ә»), «Адам анатомиясы», «Математикалық сауаттылық», «Математика +», «Математикалық анализ», «Абайтану», «Қазақстан тарихы: фактілер және деректер» қойылды. Физика-география тереңдетілген деңгейдегі 10 «А», 11 «Ә»  сыныптарының оқу жоспарына жеке және топтық жұмыстар есебінен «Қосымша далалық оқу жиыны» (10 «А»), «Физика есептерінің шешу жолдары», «Математикалық сауаттылық», «Математика +», «Математикалық анализ», «Абайтану», «Қазақстан тарихы: фактілер және деректер» енді.

Оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін 10-11 сыныптарға үйірмелерге 0,25 ставка  бекітілді. 10-11 сыныптардың оқушылары үшін оқу жоспарына қосымша құрылды. Гимназиялық компонент  есебінен «Дебат», «Шахмат» үйірмелік жұмыстарының сабақтары енгізілді.

Үйірмелік жұмыс оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

ҚР БҒМ 2018 жылғы 15 тамыздағы «Дене шынықтыру пәнінің әрбір үшінші сағатын «Футбол сабағына» бейімдеуді жүргізу туралы» №401 бұйрығы негізінде дене шынықтыру сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына өзгертулер енгізілді.

Оқу жоспарының мазмұны оқытудың барлық сатыларындағы пәндер циклдарының арасындағы сабақтастықты сақтайды. Апталық оқу жүктемесі оқушыға арналған апталық шекті деңгейден аспайды.