«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ
жетістіктері
Кемел болашақтың бастауы - білімде, өнегелі өмірдің кілті - тәрбиеде, көш ілгері шығып, бәсекеге қабілетті болудың бастауы- шығармашылық жетілуде деп, сол мақсатта бағытын айқындаған «Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тәуелсіздік мерекесіне келесі жетістіктерін тарту етеді.
- Зияткерлік, спорттық, шығармашылық конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысқан оқушылар саны – 780.
Мектебімізде өнерлі оқушылар өте көп және олардың жетістіктері мақтанарлықтай. Соңғы 3 жылғы «Вокал» байқаулары бойынша мектеп оқушыларның жетістіктері аз емес. Оның ішінде халықаралық және Республикалық байқауларды атап көрсетуге болады. Жетекшісі жоғары санаттағы музыка пәні мұғалімі Кульназарова Гульнар Жанузаковна.

Әбілхан Нұржан
«Алатаушыңы» ІІ Респуб. Конкурс, ІІІ орын
2018жыл

ДюсенбековаКәусар Бас жүлде
WINTER CUP-халықаралық конкурс-2020жыл.
{gallery}-2/2{/gallery}
Халықаралық черлидинг және мозаретки жарысынан 150 команданың ішінен 2 орын. Ресей, Қырғыстан, Украина командалары қатысуымен. Әділқазы аларалқасы Кореядан келген қонақтар болды


Амантай Ержан Нұржанұлы
Инклюзивті білім алатын оқушылардың параолимпиадасында
үстел тениссі жарысы бойынша облыстық турнирден 1 орын. Ғылыми-практикалық конференция шеңберінде аймақтық 49 –шы ҚР ОҚ ШҒА қатысқаны үшін алғыс хат.




Иоцус Александр,
ҚР спорт шебері, ашық суда жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бірнеше медаль иегері және Қазақстан Республикасы Чемпионатының, спорт күндерінің, облыстық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы.

Балқаш қаласында өткен өлкетану бойынша облыстық форумда БАС ЖҮЛДЕ иеленген №1 мектеп-гимназиясының «Интелектум» командасы
- Педагогикалық кадрлардың саны: – 110.
- Педагог-модератор – 19 Жоғары санат - 9
- Педагог-сарапшы – 18 Бірінші санат - 6
- Педагог- зерттеуші – 37 Екінші санат - 1
- Педагог-шебер – 0
2020-2021 оқу жылында Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясында оқушыларға білім беруді 110 педагог жүзеге асырады. Оның ішінде: 46 педагогтың жоғары (педагог-зерттеуші), 24 мұғалімнің – бірінші (педагог-сарапшы), 19 мұғалімнің – екінші (педагог-модератор)біліктілік санаттары бар. Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мұғалімдер 63,6% құрайды, бұл мектептің мәртебесіне сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздіктері – 6 педагог. Жоғары білімі бар мұғалімдер – 84,4%, орта кәсіби арнайы – 15,6% құрайды. Магистратураны 4 педагог тәмамдаған. Мектепте 13 зейнеткер мен 12 жас маман қызмет жасайды. 15 жылдан артық педагогикалық өтілімі бар педагогтар – 70% асады. Педагогикалық штат 100% жасақталған. Педагогтардың сапалық және кәсіби мінездемесі, мектептің жаңашылдық режимде жұмыс істеуі үшін, қалыптасқан әлеуеттің жеткілікті екенін көрсетеді.
- Мамандандырылған сыныптар
- Қандай техникалық жабдықтар бар:
Мектепте өлентану бойынша қаламыздың құндылықтары мен жер асты қазба байлықтарының маңызы мен зерттеушілер жайлы толық ақпаратты, атақты ақын-жазушылар мен мектебімізден түлеп ұшқан беделді түлектер жайлы музей-дәліз бар. Мамандандырылған 2 компьютерлік кабинеті бар, барлығы 193 компьютер. Оның ішінде, Internet желісіне қосылған компьютерлер – 70. Бір компьютерге 7 оқушыдан келеді. Информатика кабинеті моноблок, ноутбук, подиум, ПИК, принтер, сканер, треногтегі экран, 2 бейнепроектор, 2 интерактивтік тақта, ілмелі экран, Wеb камералармен жабдықталған.
{gallery}-2/3{/gallery}
- Робототехника кабинеті
{gallery}-2/4{/gallery}
- Қандай заманауи бағдарламалар қолданылады:
- Интеллектум (2-4 сыныптар);
- Логика (1-9 сыныптар);
- Шешендік өнер (5-9 сыныптар);
- «Информатика және ағылшын тілі» (7-10 сыныптар);
- «Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқыту» (8-9 сыныптар);
- «Алғашқы химиялық терминдер» (8-9 сыныптар).
«Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін дамыту»
Жоба мақсаты: мектеп педагогтерінің ғылыми-теориялық, әдістемелік және психологиялық-педагогикалық дайындығы

«Сапалы білім – мектептің абыройы» жобасы
Жоба мақсаты: оқушылардың біліктілік қажеттіліктерін қамтамассыз ету үшін сапалы білім беру жүйесін енгізу

«Жетістікке ұмтылу» әлеуметтік-психологиялық жобасы
Мақсаты: оқушылардың оқу бағдарламасын игеру үшін қолайлы психологиялық жағдай жасау

«Дарынды балалар» жобасы
Мақсаты: дарынды балалардың қабілеттеріне қарай қолдау көрсету, дамыту, кәсіби деңгейді өзін табу.

«Отбасы және мектеп – сенім негізі»
Мақсаты: білім алу процессындегі барлық қатысушыларының тиімді өзара байланысын жасауға жағдай жасау
Сыныптарды көгалдандыру:
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ ғимарат іші мен ауладағы көгалдандыруға ерекше мән береді. Мектептің ауласында декоративті гүл клумбалары орнатылған.
Мектеп айналасында қосымша гүлзарлар көркейтілуде. Жыл сайын көшеттер отырғызылады. Мектептің алдында шыршалар отырғызылған, оларды баптауға мектеп мұғалімдерінен, техникалық қызметкерлер мен оқушылардан құрылған арнайы жасақтар жұмылдырылған.
{gallery}-2/6{/gallery}
Балаларға жасыл кеңістікті қорғау және күту мәдениетін сіңіру арқылы мектеп ұжымы адамзат экологиялық білім және жер флорасын сақтау мәселелерін шешуге ықпал етеді. Осы мақсатта мектепте ботаникалық бұрыш жасалады, онда Қазақстанның өсімдіктері мен олардың пайдасы туралы көрнекі стенд қойылған.
{gallery}-2/7{/gallery}
Химия, биология, ағылшын кабинеттерінде орналасқан бөлме гүлдері эстетикалық көрініс беріп, оттегімен қанықтырып, бөлмені сергітеді. Сонымен қатар, оқушылар бөлме гүлдерінің күтімін жасап, еңбекке баулиды. Айта кету керек, мектепті көгалдандыру қандай да бір тақырыптық сипатқа ие. Көбіне мектеп гүлдері мен сәндік ағаштар мектеп ішіндегі де, сыртындағы да түрлі іс-шаралардың безендірілуі ретінде қызмет етеді.
{gallery}-2/8{/gallery}
Игі істер жүргізудегі белсенділік (волонтерлік):
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп мәлімдеді. Осы тарапта мектемізде көптеген істер жүзеге асуда.
Қоғамда қандай жұмыстар жасалмасын, қандай іс-шаралар өткізілмесін, оларды ұйымдастырушы, жүзеге асырушы қарапайым ғана адамдар. Бірінші кезекте, қоршаған орта мен қоғамға жаңа игі өзгерістер әкелуді қалайтындар, өздерінің сол ортаның мүшесі екендігін сезіне отырып жақсылық жасаушылар. Сонымен қатар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар.
Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырсақ қазіргі күні «Ерікті» немесе «Волонтер» деп аталатын, қоғам мүшелеріне лайықты аттың иелерін көреміз. Ерікті деген аттың өзі белгілі бір істі адамның өз еркімен, ешбіреудің мәжбүрлеуінсіз шын көңілден орындайтындығын білдіреді.
№1 мектеп-гимназиясынын оқушылар қатарынан еріктілер отрядына қосылып жұмыс атқарылып жатыр.

Мектеп оқушылары арасында «Еріктілер қадірлі азаматтар» тақырыбында таныстық жиналысы өтті. Жиын барысында еріктілердін атқаратын істері талқыланды.

«Еріктілер туралы біл!» акциясының негізгі мақсаты оқушыларға еріктілердін атқарып жүрген жақсы істерін көрсету.

«Руханилықтың мөлдір бұлағы» акциясы. Оқушылар өз қолдарынан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасыларға таратып берді.

Еріктілер жасағын құру мақсатында өткізілген мектепшілік іс-шара

Қарттар мен мүгедектер ауласында үйіліп қалған қарды тазарту мақсатында ерікті түрде көмек көрсету науқанына жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған «Қарлы десантшылар» отряды қатысты

Қала тұрғындарына «Ерікті болу- бір қуаныш, бір бақыт» тақырыбында буклеттер таратылды.Буклет ішінде еріктілердін атқарылып жүрген қызметтері көрсетілген.

Жоғары сынып оқушылары «Наурыз жақсылық сөмкесі» тақырыбында өз қолдарынан жасаған бұйымдарды көрмеге өткізді. Барлық жасалған бұйымдар балалар үйіне беріліп, балаларға таратылды.


Қаламыздың тұрғындарына қол ұшын созу мақсатында (қарттарға ерікті көмек) «Адамдарға жылу мен қуаныш сыйла!» атты акция өткізілді. Акция барысында орта буын оқушылары қарт кісілердің үйлерін жинап, көңілдерін аулап қайтты.

Жоғары сынып оқушылары «Ер есімі –ел есінде» тақырыбында ардагерлермен кездесу өткізіп ақыл-кеңестерін тыңдады.

№1 мектеп-гимназиясының оқушылары Сәтбаев қаласының орталық көшелеріне шығып «Әлемге рахмет» атты акция ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты қала тұрғындарына соғыс ардагерлерін ұлықтау.


Ата-аналардан құралған еріктілер тобы «Жер гүлдермен күледі» атты акциясына қатысты, акция барысында ата-аналар мектеп айналасын көгалдандырып, әдемі гүлдер отырғызды

Қаламызды пластикалық қалдықтардан тазарту мақсатында мектеп оқушылары пластикаға қарсы науқан ұйымдастырды.

Жоғары сынып оқушыларынан құралған «Жасыл патруль» отряды

«ЭКО әлем десантшылары»

Салауатты өмір салтын құру мақсатында «Мен өмірді таңдаймын!» атты акциясын ұйымдастырып, қала тұрғындарын спортпен айналысуға шақырды

Нашақорлыққа жол бермеу мақсатында, қала тұрғындарына
«Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» атты акциясы өтті

«Нашақорлыққа қарсымыз» акциясы

Елімізде болып жатқан епидемияға байланысты мектеп ұстаздарынан құралған еріктілер тобы мектебіміздің аз қамтылған отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті

Елімізде болып жатқан епидемияға байланысты мектеп ұстаздарынан құралған еріктілер тобы мектебіміздін аз қамтылған отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Елімізде болып жатқан епидемияға байланысты еріктілерден құрылған топ қала тұрғындарына тегін бетперделер (маска)таратты.
- Қамқоршылық кеңестің жұмысы, төмендегідей барлық нормалар мен міндеттерді орындалуы:
- Бюджеттен тыс қаражаттың жұмсалуын бақылау:
Бюджеттен тыс қаражаттың жұмсалуын бақылауын арнайы QR код қосымшасы және мектеп сайтынан, тіпті әлеуметтік желілердегі арнайы посттардан көруге болады, сонымен қатар QR код мектеп маңдайшасында орналасқан.

- Оқушыларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру:
- Робототехника (7-8 сыныптар)
- «Болашақ инженерлер» (7-8 сыныптар)
- Дебат (9-11 сыныптар)
- Шахмат (10-11 сыныптар)
Гимназия және жалпы білім беретін 2-3-ші сыныптардың вариативтік компонентінің оқу жоспарының таңдауы бойынша сабақтарға балалардың ой-өрісін дамытып, тез шешім қабылдай алуына, шапшаңдығын арттыруға жол ашатын «Интеллектум» курсы және 1-4-ші сыныптардың белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтарына қосымша танымдық әрекетін жағымды ынталандыруды қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Логика» курстары енгізілді.
Вариативтік компонент есебінен: 5-9-сыныптарға «Жаһандық география», ұлттық тарихымызды жаңғырту мақсатында 6-шы сыныптарға «Қазақ елі», жеке және топтық жұмыстар есебінен 5-9-сыныптардың оқу жоспарына «Шешендік өнер» қойылды.
Үйірмелік жұмыс есебінен гимназиялық сыныптарына «Робототехника», «Болашақ инженерлер» курстары оқу жоспарына қойылды.
Химия-биология тереңдетілген деңгейдің оқу жоспарына жеке және топтық жұмыстар есебінен «Химиядан сандық есептерді шығару», «Химия әлемі», «Медициналық генетика», «Бионика – табиғат перзенті», «Адам анатомиясы» жүргізіледі. Физика-география тереңдетілген деңгейдегі сыныптың оқу жоспарына жеке және топтық жұмыстар есебінен «Физика есептерінің шешу жолдары», «Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды орындау», «Физика пәніндегі тест тапсырмаларымен жұмыс», «Жаһандық география», «Әлемтану» енді.
- Аз қамтылған отбасылардың балаларын материалды колдау:
2019-2020 оқу жылында 1295 оқушының 152-і оқушысы қыркүйек айынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтылды, аз қамтылған 15 оқушысы арендатор есебінен тамақтанды. 152 оқушының 62 оқушысы аз қамтылған, 51 оқушы көп балалы, 23 оқушы толық емес отбасынан шыққан, 10 оқушы қамқоршысынан айырылған балалар, 6 оқушы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар болды.
Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін бақылауға асханада мектеп әкімшілігі кезекшілік кестесі, оқушылардың сынып бойынша тамақтану кестесі құрылды.
Сонымен қатар, №1 мектеп-гимназиясында «Мектепке жол», «Қайырымды жандар!», «Жүректен жүрекке», «Добрые руки, добрая душа!», «Біз біргеміз!», «COVID-2020» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға әлеуметтік-материалдық қолдау көрсету, көмек беру.
2019-2020 оқу жылында 3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция барысында 355 оқушыға кеңсе тауарларымен қамқорлық көмегі көрсетілді.


2020 жылдың қаңтар айында «Біз біргеміз!» қамқорлық акциясының бастамашысы болып мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы мен Жастар қанаты орталығы аз қамтылған, көп балалы отбасына, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына бірінші кезекте қажет азық- түлік пен қорғаныс құралдарын жеткізіп берді, сонымен қоса қаламыздың біршама дүкендерінде мұқтаж жандарға тегін нан тарату акциясы өтті .


2020 жылдың наурыз айында елімізде орын алған пандемиямен күрес шараларына байланысты оқшаулану кезеңінде қиын жағдайға тап болған мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында 20-30 сәуір аралығында Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясының ұжымы «COVID-2020» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, белсене қатысты. Акция барысында 33 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды, 53 оқушыға канцеляриялық тауар мен киімдер таратылды. 1 ата-ана жұмыспен қамтылды.


- Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру:
Балаларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысын ұйымдастыру ҚР Білім және ғылым министрінің 25.12.2018 № 684 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Асхананың жалпы жұмысының ұйымдастырылуы мектеп әкімшілігімен қадағаланып отырылады.
№1 мектеп-гимназиясының асханасы бір мезгілде 100 оқушыға дейін тамақтандыра алады. Ас мәзірі перспективті /2апталық/ және күнделікті бекітілген. Асхананың санитарлық жағдайы мен оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтануын сараптау қызметі және мектеп медбикелері тексеріп, акт толтырылып отырады. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын, жеткізілетін азық-түліктердің сапасын, сақталу мерзімін, уақытылы жеткізілуін бақылап отырады. Оқушылардың күнделікті тамақтану уақыты мектеп әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес өтеді.
Мектеп асханасындағы тамақтандырудың ұйымдастырылуын, жеткізілетін азық-түліктің сапасын және тағамдардың дайындау және тарату барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бракераждық комиссия мүшелерімен бақыланып, тамақтандырудың сапасы тексеріліп, тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отыратын болады.
Мектеп асханасы барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Қалалық білім бөлімінен перспективалық ас мәзірі ұсынылып, бекітілген. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балалардың мерзімді тамақтануын мектептің әлеуметтік педагогы бақылап отырады.


- Әр түрлі іс-шараларды өткізу: білім беру, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық, әлеуметтік-мәдени іс-шаралар:
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ алғысөзде атап кеткендей білімді ең бірінші сатыға қойып, азаматтық қалыптасу жолындағы спорт, өнер, шығармашылыққа аса ден қояды. Мектепте мектепшілік, қалалық, облыстық іс-шаралар, ашық есік күндері, спорттық-сауықтыру ойындар, ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтеді.
{gallery}-2/11{/gallery}
Бастауыш сыныптар арасындағы «Би сиқыры» атты би марафоны


Коворкинг орталықтың жұмысы
{gallery}-2/12{/gallery}
«Ойы жүйрік» шахмат турнирі
{gallery}-2/13{/gallery}
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ-де өткен аймақтық мектептер мен ұстаздардың тәжірибе-сынамалы семинары


Жас жол инспекторларының қалалық слетінде «Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары көш басында

